Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет110/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   150
Байланысты:
munai

Қысымның əсері. 
Берілген температурада қысымды арттыру
алкен мен сутек атомына ыдырайтын С
2
Н
5
, изо-С
3
Н
7
жəне үшін-
шілік С
4
Н
9
радикалдардың үлестерін азайтады жəне сəйкес осы 
радикалдардың орынбасу реакцияларының рөлі артады, нəтижесінде 
төменгі алкендер мен сутектің шығымдары азаяды жəне этен, пропен 
жəне изобутилен шығымдары артады.


228
Пиролиз кезінде этиленнің жоғары шығымын алу үшін жоғары 
температура жəне сəйкес аз реакция уақыты қажет. Түтікті пештерде 
пиролиз кезінде шикізат ағынының үлкен жылдамдығын қажет ететін 
реакцияның аз уақытына айтарлықтай гидравликалық кедергілерді 
жеңгенде жетуге болады. Нəтижесінде реакциялық жыланша түтікке 
кірер жерінде артық қысым пайда болады. Көмірсутек шикізатын 
сұйылтуға инертті сұйылтқыш қолданылады да, сол арқылы көмір-
сутектердің үлестік қысымы аз кезінде де қажетті жалпы қысым 
қамтамасыз етіледі. Инертті сұйылтқыш ретінде су буы қолданылады
ол пиролиз өнімдерін конденсациялау арқылы оңай бөлінеді. Оның 
үстіне су буы келесідей реакциямен газдануы нəтижесінде біраз 
дəрежеде пирокөміртектің шөгуін азайтады:
Н
2
О + С 
Н
2
+ СО
Əдетте қолданылатын бу: шикізат массалық арақатынасы этан 
үшін 0,25:0,35, пропан үшін 0,30:0,40, бутан үшін 0,40:0,50, бензин 
үшін 0,50:0,80, атмосфералық газойль үшін 0,80:1,00 құрайды.
Реакция уақыты.
Пиролиз өнімдері – этилен жəне пропилен 
бастапқы шикізаттан да жəне оның біріншілікті ыдырау өнімдерінен 
де түзілетін жəне ыдырауға ұшырайтын тізбектелген реакциялардың 
жиынтығы. Сондықтан өнімдердің жоғары шығымына сəйкес келетін 
реакция уақытын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Түзілген этилен бірмезгілде радикалды-тізбекті реакцияның 
нəтижесінде шығындалады:
R∙(H∙,CH
3
∙) + C
2
H
4
RH(H
2
, CH
4
) + C
2
H
3

C
2
H
3
∙ + CH
2
CHR

CH
2
CHCH
2
CH∙R
1
CH
2
CHCH
2
CH∙R
1
CH
2
CHCHCHR
1
+ H∙
Винил радикалы төмендегі реакция бойынша этиленге айналады: 
C
2
H
3
∙ + RH 
C
2
H
4
+ R∙
Мұндағы: RH – кез келген көмірсутек немесе молекулалық сутек.
Пропен пиролиз процесінде келесі реакция нəтижесінде шы-
ғындалуы мүмкін:


229
H∙ + C
3
H
8
C
3
H
7

C
2
H
4
+ CH
3

R∙ + C
3
H
6
C
3
H
5
∙ 
өнімдер
Молекуласындағы көміртек атомының саны төрт жəне одан да 
көп алкендердің концентрациясы жүйеде айтарлықтай болса, аллил 
радикалы төмендегі реакция бойынша пропенге регенерациялануы 
мүмкін:
C
3
H
5
∙ + CH
2
CHCH
2
R
C
3
H
6
+ CH
2
CHCH∙R
Этиленнің жоғары шығымына жеткізетін пиролиз уақыты бас-
тапқы шикізат ыдырауының дəрежесін 0,90-0,95 болатындай етіп 
қамтамасыз ету керек, пиролиздің температурасы артқан сайын ол 
кеми береді. Ол 780-800°С-де 1 с-тен 900-920°С-де 0,1 с-ке дейін 
кемиді. Пропеннің жоғары шығымына пиролиздің берілген тем-
пературасында, реакцияның өте аз уақытында (2-4 есе) жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет