Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет99/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
Гидровисбкрекинг.
Гидровисбкрекинг технологиясы мұнай 
фрак цияларында жоғары температура мен қысымда сутегі ерігіштігі-
нің өсуіне негізделген.
Гидровисбрекингтің артықшылықтарына төмендегілерді жат-
қызады:
- шикізатты, ондағы асфальт-шайырлы заттар мен металорга-
никалық қосылыстардың мөлшеріне қарай шектелмей өңдеу 
мүмкіндігі;
- шикізаттың ауысу тереңдігін алшақ шекте ұстау мүмкіндігі;
- алынатын өнімдердің жоғарғы сапасы.


205
20-кесте
Висбкрекинг пен гидровисбрекинг шикізаты 
өнімдерінің салыстырмалы сипаттамасы
Көрсеткіштер
Шикізат
Сұйық өнім
Висбрекинг
Гидровисбрекинг
Тығыздық, г/см
3
999
980
975
Тұтқырлық, нс/м
2
2500
126
106
15
51
9
Фракция шығымы, 
% масс.
18
17
65
27
27
44
34
29
35
Күкірт 
мөлшері, %
4,3
3,8
3,5
9.11. Кокстеу процесінің жүргізілуі
Дистилляттармен бірге соңғы өнім ретінде мұнай коксі де алына-
тын термиялық процесті кокстеу деп атайды. Қазіргі кезде кокстеу 
ауыр шикізаттан мөлдір мұнай өнімдерінің шығымын арттыруымен 
қатар, өндірісте көп қолданыс табатын мұнай электрод коксін 
өндіруде кеңінен қолданылады.
Кокстеу мақсаты.
Термиялық крекингте кокс түзілу процестің 
одан əрі тереңдей түсуін шектейді. Егер кокстың түзілуін пайдасыз 
жанама өнім деп санамаса, онда мөлдір дистилляттар шығымын көп 
көтеруге болады.
Кокстеу немесе көмірді жартылай кокстеу – ауасыз қыздыру 
арқылы жүретін термиялық деструктивтік процестерге жатады. 
Кокстеу – 1100°С дейін, ал жартылай костеу процесін 500-550°С 
жүргізеді.
Қазіргі кезде əлемде шамамен 25 млн.т кокс өндіріледі, оның ішінде 
АҚШ-та 20 млн. т/ж, мұның 90% жай кокстеу қондырғыларында 
(ЖКҚ), ал қалғаны – термоконтактты кокстеу (ТКК) жəне кубтағы 
батарея қондырғыларында іске асырылады. АҚШ-та кокстеу про-
цесі тез өсуде, тек электрод коксін өндіру мақсатында ғана емес, 
сонымен қатар негізінен мұнай қалдықтарын терең өңдеп, отын 


206
дистилляттарының мүмкін болған мөлшерін көп өндіру мақсатында 
жүргізілуде. Осыған байланысты шамамен жалпы кокс өндірудің 55% 
сапасы төмен, жоғары күкіртті отын есебінде қолданатын кокс үлесіне 
тиеді, ал тек қалған 45% қыздырылған электрод коксы (сонымен қатар 
2% – инелік кокс). 
Мұнай коксі алюминий өндірісіне қажет күйдірілген анодтар 
мен графиттелген электродтар алуда, болат балқытуда көптеп пай-
даланылады. Сондай-ақ конструкциялық материалдар дайындауда, 
кремний өндірісінде, абразив материалдарын дайындауда, химия 
жəне электротехника өндірісінде, ғарыш саласында жəне атом электр 
стансаларында жəне т.б. қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет