Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет95/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   150
Байланысты:
munai

25-сурет.
Реакциялы 
камераның құрылысы


200
Бұл аппаратта фаза бөлінуі жоғары қысымда жүретіндіктен, 
буландырғыштың төменінен шығатын қалдықта көп мөлшерде 
газойль жəне бензин фракциялары болады. Жеңіл фракцияларды 
бөлу үшін төмен қысымды буландырғышты пайдаланады, оған дейін 
түсер алдында реакциялық жабдық көмегімен қысым 0,8-0,2-ден 
0,15-0,3МПа-ға дейін төмендейді. Төмен қысымды буландырғышта 
ректификациялаушы тəрелкелер болады. Ол крекинг-қалдықтан 
тек жеңіл компоненттерді пайдалануға ғана емес, сонымен бірге 
бу ланған фракциялар буларының сууы мен конденсациялануы есе-
бінен шикізатты қыздыру үшін де пайдаланылады. Қондырғының 
технологиялық режимі технологиялық регламент пен технологиялық 
картаға сəйкес ұсталады. Термиялық крекинг қондырғысы жұмысы-
ның шикізаты крекинг-қалдықты жəне дистиляттарды талдау 
нəтижелеріне негізделген жабдықтар көрсеткіштері арқылы байқа-
лады. Егер өңдеуге шайыры көп шикізат түссе, онда технологиялық 
картаға сəйкестендіріп, крекинг температурасын төмендету қажет.
Технологиялық режимді дұрыс жүргізу қондырғыны үзіліссіз 
көп уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі қондырғының 
үз 
діксіз жұмыс істеуі бұрынғы 40-60 тəуліктен 90-150-ге жетті. 
Тер 
миялық крекинг қондырғыларының тоқтауы оларды кокспен 
тазарту қажеттілігімен байланысты. Пеш құбырында отырған кокс 
имек құбырының бос қиылысын азайтады, ол пешке кіреберістегі 
қысымды көтереді. Кокстың жеткілікті мөлшерде отыруы реакциялық 
камераның, буландырғыштардың төменгі бөлігінде крекинг-қалдық 
құбырларында байқалады. Бұрын коксты тазалау үшін механикалық 
əдіс – қысылған ауамен істейтін ұрғыштар пайдаланатын еді. Қазір 
көпшілік зауыттарда экономикалық жағынан өте тиімді болып 
табылатын бу-ауа ағымда жағу қолданылады. Кокстың отыруын 
азайту үшін термиялық крекинг қондырғыларында шикізатқа, оны 
пешке берер алдында аз ғана турбулизатор қосу, яғни ағымның 
қозғалу жылдамдығын үдететін су беру ендірілуде. Температурасы 
390-400°С шикізат ағымына түскен су бірден буланады. Бу фазасының 
көлемі күрт өсіп, шикізат араласады. Ағым жылдамдығы өседі. 
Əсіресе, кокс түзілуде шешуші рөл атқаратын құбыр қабырғасындағы 
шекара қабатта қозғалу жылдамдығының өсуі өте маңызды.


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет