Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет92/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
9.7. Термиялық крекинг технологиясы
Термиялық крекинг қондырғысының жүйесін таңдау шикізат 
пен оны өңдеу бағытына байланысты. Термиялық крекинг қондыр-


195
ғыларының бəріне бірдей жалпы тəн ұқсастық – шикізатты қажетті 
температураға дейін қыздыратын жəне реакция жылу беретін құ-
бырлы пештің болуы. Көпшілік қондырғылардың, əсіресе ауыр 
шикізатты өңдегенде ауысудың қажетті тереңдігіне жету мақсатында 
арнайы реакциялық аппарат қолданады, онда шикізат реакция 
тем 
пературасында белгілі бір уақыт ұсталады. Қазіргі термиялық 
крекинг қондырғыларында, əдетте крекингтің қайта беруімен жүр-
гізетін түрі қолданылады. Ең көп тарағаны мазуттарды екі пешті 
жүйемен крекингтеу қондырғысы. Мұндағы крекингтің ағым жүйесі 
төмендегідей сызбанұсқамен көрсетіледі:
4-сызбанұсқа.
Крекингтің ағым жүйесінің сұлбасы
Осы ағымды жүйеде көрсетілгендей, терең крекинг пешінде шикі-
зат ретінде алғашқы айдау мазутынан бөлінген 350°С дейінгі фракция 
жəне 350°С жоғары қалдықты жеңіл крекингтеумен алынған 200-
350°С фракция қолданылады. Ауыр шикізат құрамында 350°С дейін 
қайнайтын фракция болмайды жəне жеңіл крекинг пешіне негізінен 
жеңіл крекингтен алынған шығыны көп емес газойл фракциясы түседі. 
Мұндай жағдайда қондырғыны бір пешті жүйемен жүргізу тиімді. Екі 
пешті қондырғының екі пешінде (жеңіл жəне терең крекинг) өңдеу 
тиімділігін арттыру үшін шикізаттың айналмаған бөлігін қайта беру 
көзделген.


196
Рециркулят пен жаңа шикізат мөлшерінің қатынасын рецерку ля-
ция коэффициенті К
1
, ал крекинг пешке түскен барлық шикізаттың 
жаңа шикізат мөлшеріне қатынасын салу коэффициенті К
2
деп атайды. 
К
1
, К
2
арасында К
2
= К
1
+1 байланысы болады. Шикізатты бір реттегі 
крекинг тереңдігі көп болған сайын рецикуляция коэффициенті аз 
жəне жаңа шикізатқа есептегендегі қондырғы қуаты тиісінше жоғары 
болады. Бірақ бір рет өткізудегі крекинг тереңдігінің өсуі бензин 
шығымын кемітуге, кокс пен газ түзілудің өсуіне əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет