Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет93/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
24-сурет
Термиялық крекинг қондырғысының 
технологиялық жүйесі
Термиялық крекинг қондырғысының технологиялық жүйесін 
қарастырайық. Шикізат (1) сораппен (2) жылу алмастырғышқа 
беріледі, онда крекинг қалдық жылу есебінен жылынып, екі ағымға 
бөлінеді.
Ағымның біреуі (3) ректификациялау бағанасының төменгі бөлі-
гіне түседі, ал екінші (9) төменгі қысымды буландырғыштың жоғары 
бө лігіне жіберіледі. (9) буландырғышқа түскен шикізат ағымы ауыр 
газойль фракцияларымен байиды жəне (10) сораппен (3) беріледі. 
(3) тө менгі бөлігінен (7) пеш сорабымен (11) ауыр шикізат пешіне 
беріледі. (3) бағана бітеу тəрелкемен екіге бөлінеді. Осы тəрелке 
арқылы төменгі бөліктен булар жоғарыға ауысады. Ал сұйықтық 


197
болса, жоғарыдан төменге түспейді де, бітеу тəрелкеге жиналады, ол 
(8) сораппен алынып (12), жеңіл шикізат пешіне терең крекингтеуге 
беріледі. Рекификациялау бағанасына шикізатты алдын ала берумен 
жəне оны реакция өнімдерімен араластырумен бірнеше мəселелер 
шешіледі: реакция өнімдерінің жылуын пайдаланады, шикізаттан 
жеңіл фракциялар айдалады, реакция өнімдері суытылады.
(11) жəне (12) пештерден шығушы крекинг өнімдері бірігіп (13), 
өз алдына тұрған реакциялық камераға түседі, одан (14) жоғары қы-
сымды буландырғышқа өтеді. (14) крекинг өнімінің бу-сұйық қоспасы 
екіге бөлінеді: бу мен сұйыққа. Сұйық бөлігі (крекинг қалдық) өз 
ағымымен (9) төменгі қысымды буландырғышқа түседі, онда қы-
сымының төмендеуі нəтижесінде газойл фракциясы буларының 
бө ліну процесі жүреді. (3) бағана сияқты (9) буландырғыш бітеу тə-
релкемен екі бөлікке бөлінеді. Газойл фракциясының буы (9) төменгі 
бөлігінде крекинг қалдықтан бөлінгеннен соң бітеу тəрелке арқылы 
жоғары бөліміне түседі, онда қарсы қозғалушы сұйық шикізатпен 
кездеседі. Шикізатпен жанасып, газойль фракциясының буы аздап 
конденсацияланады. Газойльдың конденсацияланбаған бөлігі (9) 
жо 
ғарысына шығып (15), конденсатор-тоңазытқыш арқылы (16) 
рефлюкс сыйымдылығына түседі. (16) газойлдың бір бөлігі (9) 
ағым есебінде қайта беріледі, ал балансты мөлшері қондырғыдан 
шы ғарылады. Реакция өнімдерінің бу фазасы (14) буландырғыштан 
(3) ректификациялық бағанаға жіберледі. (3) жоғарысынан бензин 
фракциясы мен газ булары шығады. (4) конденсацияланғаннан кейін 
конденсацияланған бензинмен газ қоспасы (5) сеператорға түседі, 
одан бензин мен газ əрқайсысы өз алдына ағын есебінде шығарылады. 
Бензин (18) бағанада тұрақтандырылады да, қондырғыдан шығары ла-
ды. (3) бүйірлі ағыннан шикізаттың жеңіл бөлігімен реакциялас па -
ған газойль (12) пешке, ал төменгі өнім – шикізаттың ауыр бөлігі мен 
қайта берілуші крекинг қалдық (11) пешке жіберіледі.
Техникалық көміртегін (күйе) өндіру үшін шикізат дайындайтын 
қон 
дырғыларда қатаңдау жағдайлар қолданылады - (11) шығатын 
жердегі 500°С дейін көтеріледі, ал (12) шығарда -550°С дейін, қысым 
5,6 МПа дейін жəне 12-7,0 МПа дейін көтеріледі.
Термиялық қондырғылардағы аппараттарда қысым жоғары бо-
лады. Жоғары қысым бағаналар мен буландырғыштарда жоғары 


198
температура ұстап тұруға, ол өз кезегінде пешке қайта берілетін 
ағынның температурасын көтеруге мүмкіндік береді де, оны крекинг 
тем пературасына дейін қыздыруға отын шығынын кемітеді. Жоғары 
қысым болғандықтан, аппараттардың мөлшері азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет