Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Висбкрекинг жəне оның жаңа түрлері



Pdf көрінісі
бет96/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
9.9. Висбкрекинг жəне оның жаңа түрлері
Висбкрекинг – vis, cosity ағылш. – тұтқыр, жұққыш мағынасында. 
Висбкрекинг термиялық крекингтің бір түрі. Висбкрекинг процесін 
пайдалану арқылы, терең вакуумды газойльді гидро-күкірттендіру-
ден, ал ауырланған гудрондарды висбрекингтен өткізіп, содан кейін 
қалдықты гидрогенизатпен араластыру арқылы, күкірті аз қазандық 
отынын алады.
Мұнайды терең өңдеудің көп қолданылатын түрі – мазутты 
вакуумда айдау, вакуум газойлі мен гудронды жеке-жеке өңдеу. Терең 
вакуумды айдаудан шыққан гудронды, жоғары тұтқырлығынан тіке-
лей қазандық отыны ретінде қолдана алмайды. Мұндай гудрондардан 
тауарлы қазандық отынын алу үшін көп мөлшерде дистиллятты 
сұйылтқышты көп шығын жасау қажет болады, бұл мұнай өндеудегі 
вакуум айдауымен жеткен тереңдетуді жоққа шығарады.
Гудрондарды терең емес өңдеудің ең қарапайым тəсілі – ол 
тұтқырлықты төмендету мақсатында жүргізілетін висбкрекинг про-
цесі, бұл сұйылтқыш шығынын 20-25% масс. кемітеді, сонымен қатар 
қазандық отынының мөлшерін тиісінше өсіреді. Одан кейінгі крекинг 
қалдықтың тұтқырлығының өсуін, жоғары тұтқырлық көрсететін 
тығыздалған карбендер мен карбоидтар түзілуі қамтамасыз етеді. 
Крекинг қалдықтың тұтқырлығының тез төмендеуінен температура-
ның көтерілуі висбкрекинг жүру уақытын тиісінше қысқартады. 
Соңғы жылдары висбкрекинг шикізатының ауырлай беруі бай-
қалады, дистиллятты фракциялардың алыну тереңдігінің өсуімен 
жəне ауыр мұнайдың жоғары асфальтты-шайырлы заттарын көп 
құрайтын қалдықтарын өңдеудің нəтижесінде тұтқырлығы мен кокс 
түзушілігі жоғары болғандықтан, оларды өңдеу едəуір қиындады. 
Шикізаттың тұтқырлығын ең төменгі деңгейге жеткізуде қондыр-
ғы аппаратында кокс түзілуде жəне алынған қазандық отынының 
тұ рақтылығын қамтамасыз етуде жоғары тиімділікке жету үшін тө-
мендегідей шаралар көзделген:
- висбкрекинг шикізатына арнайы ароматтанған қоспа қосу;
- шикізатқа көбіктенуге қарсы жуғыш ұнтақ қосу;
- шикізатты турбулизациялауға висбрекингтің тұрақ тан-
ған бензи нін беру;
- реакция аумағына аса қызған су буын беру.


202
Процестің экономикалық жəне пайдалану көрсеткіштері пештер 
құбырының кокстенуіне байланысты, ол құбырдың кокспен бітелуін 
жəне оның өткізу қабілетін шектейді.
Жоғары ароматтанған сұйылтқыштар қоры аз жағдайда, тұрақты 
қазандық отынын алуда пештік висбрекингтің тиімділігі көп жоғары 
болады.
Висбкрекингтің осындай түрлері мөлдір отындар шығымын көп 
өсір 
мейді, газ бен бензин шығымының қосындысы 6% шикізатты 
құ 
райды, сондықтан соңғы кездері сутегінің қатысуымен немесе 
су 
тегіне бай құрамдастың қолданылуымен жүретін процесс іске 
асырыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет