143
Коррозия процесі өте күшті конденсатор-тоңазытқыштарда, рек-
тификациялы бағаналардың жоғары жағында, пеш құбырларында,
ыстық қалдықтар (мазут жəне гудрон) жүретін құбырларда жүреді.
Конденсатор-тоңазытқыштарда жəне ректификациялау бағанала-
рын да коррозияның күшті жүру есебінде
рефлюкс сыйымдылығы-
нан шы
ғатын судағы темір ионының мөлшері мен осы судың рН
бо лып саналады. Сонымен қабат күшті коррозияға конденсатор-то -
ңазытқыштың ағынды суымен суытылатын түтіктері де түседі.
Коррозиямен күресу жолдары.
Коррозиямен тиімді күресу үшін
мұнайды алғашқы айдау қондырғыларында мынадай шаралар
қолданылады: құрал-жабдықтар коррозияға төзімді металдардан
дайын далады; мұнайды айдауға беру
алдында терең тұзсыздандыру
жəне сусыздандырудан өткізіледі; бейтараптаушы заттар мен кор-
розия ингибиторларын қосады. Құрал-жабдықтардың жұмыс істеу
уақытын ұзарту үшін оның ең қауіпті жерлерінде коррозияға тұрақты
материалдар – Х5М ОХ13
қоспалы болаттар, латунь, никель мен
мыс қоспасын, монел-металл деп аталатын қоспа қолданылады.
Кей
бір аппараттарды 2 қабатты төсемеден дайындайды: зиянды
қосылыстардың əсеріне көп ұшырайтын ішкі бетін қоспа металдардан,
сыртқы бетін көміртегі болаттардан жасайды.
Бейтараптаушы заттар
ретінде сода-сілті ерітіндісі, аммиакты
жəне аммиак суын қолданады. Сода-сілті ерітіндісін, тұзсызданған
мұнайға термиялық жағынан тұрақсыз кальций магний хлоридтерін
байланыстыру үшін органикалық қышқылдарды жəне хлорлы сутегін
бейтараптауға береді.
Аммиак немесе аммиак суы бағананың соңғы желісіне (бағананың
жоғары жағынан конденсатор-тоңазытқышқа дейінгі құбыр бойы)
ағын судың рН-ын 8-9 деңгейінде ұстап тұру үшін береді. Бей-
тарап
таушы заттарды беру коррозияны 70-80%-ға дейін кемітеді.
Коррозияны тиімді төмендетуге арнайы заттарды коррозия ингиби-
торларын қолданады, əдетте органикалық қосылыстар, олар металл
бетінде жақсы қорғау қабатын түзеді. Біздің
елде ИКБ типтес тиімді
коррозия ингибиторлармен бірге əсер етеді жəне коррозия жыл-
дамдығын 1мм/жыл жəне одан да төменге жеткізуге болады. ИКБ-4
ингибиторы сумен қамтамасыз ететін жүйеде коррозияны болдырмау
үшін ғана емес, сонымен қатар суды ластайтын қалдықтардан жəне
биологиялық түзілімдерден тазалауға да жəрдемдеседі.