148
Осының нəтижесінде қақпақты тəрелкелі қақпақсызға қарағанда,
барлық күш түсетін шекте, 15-20%-дан жоғары тиімділік көрсетеді
жəне олардың 10-15%-ға гидравликалық қысымы аз. Тік бұрышты
қақпақтарды, шеңбер тəріздінің орнына қолданғаннан, оларды
дайындағанда металл шығынын 30%-ға кемітуге мүмкіндік береді,
ал қақпақтар үлкен болғандықтан (тік бұрышты қақпақ сегіз шеңбер
тəріздіге тұрады), тəрелкелерді жинау еңбегін 25%-ға кемітеді.
Соңғы жылдары əртүрлі геометриялық пішінді (шеңбер тəрізді,
тік бұрышты пластинка тəрізді жəне басқа) қақпақты тəрелкелердің
көптеген түрлері жасалды, олар – балластпен немесе балластсыз,
айырушы элементтерімен немесе оларсыз жəне т.б. Көп МӨЗ өн-
дірістік-тəжірибе сынағы, қақпақты тəрелкелердің фаза жанасуын
реттелмейтін, тоғысқан ағынды тəрелкелерге қарағанда жоғары
тиімділік көрсетті. Қақпақты тəрелкелердің жаңа түрінің ішінде,
пластинка тəрізді тоғысқан қарама-қарсы шеңбер тəрізді эжекциялы
тəрелкелер жаңа УФА МӨЗ пайдалануда.
Достарыңызбен бөлісу: