Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнайды атмосферлі айдаудың технологиялық



Pdf көрінісі
бет68/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150
Байланысты:
munai

8.7. Мұнайды атмосферлі айдаудың технологиялық 
сызбанұсқасын жетілдіру
Мұнайды атмосферлі айдау барысында технологиялық сыз-
ба 
нұсқаны жəне ережесін таңдаған уақытта, ең бастысы оның 
фракциялық құрамы мен оның құрамындағы газдар мен жанармайлы 
фрак 
циялардың мөлшерін ескереді. Құрамына аз мөлшерде еріген 
газдар мен жанармайлар (12-15% 180°С) кіретін, тұрақты құрамы бар 
тұрақталған мұнайлардың айдауын, бір ретті булану сызбанұсқасы 
бойынша, демек бүйір ылғалдандыру бөлімі бар, атмосферлі-құбырлы 
қондырғыларда жүргізуі энергетикалық тұрғыдан қарағанда қолайлы 
болып табылады. Бұл қондырғылар жеңіл жəне ауыр фракциялардың 
бірлесіп булануына байланысты, айдаудың берілген үлесін қамтама-
сыз ету үшін мұнайды қыздырудың төмен температурасын қажет 
етеді (300-330°С), қолдануда жеңіл жəне ықшамды болып табылады. 
Олардың негізгі кемшілігі – төмен технологиялық иілгіштік мөлдір 
фракциялардың төмен шығымды болуы.
Құрамына еритін газдардың (1,5-2,0%) жəне жанармайлы фрак-
циялардың үлкен мөлшері кіретін жеңіл мұнайды айдау үшін, екі ретті 
буланулы атмосферлі айдауды, демек, алдын ала жанармайсызданған 
бағанасы мен бөлшекті түрде жанармайсызданған мұнай отынды 
фракцияларға жəне мазутқа бөлу үшін бүйір буланғыш секциясы 
бар, күрделі ректификациялы бағанасынан құралған қондырғыны 
қолданады. 
Атмосферлі айдаудың екі бағанды қондырғылары жоғары тех 
-
нологиялық иілгіштікке ие болады, себебі бірінші баған тұрақ-
тандырғыш қызметін атқарады, мұнайдың фракциялық құрамындағы 
толқуларды түзейді жəне негізгі ректификациялық бағанның тұрақты 
жұмысын қамтамасыз етеді. 
Жанармайсыздандыру бағанын қолдану шикізатты үрлегіште 
қысымды төмендетуге, бағананы коррозиядан қорғауға, пешті жеңіл 
фракциялардан босату арқылы оның қажет энергия қуаттылығын бір-
шама кемітуге мүмкіншілік береді. Жанармайсызданған мұнайдың 
жоғары температурасы, бірінші бағанның төменгі бөлімінің тем-
пературасын ыстық ағынмен қолдап отыру қажеттілігі екі бағанды 
атмосферлі құбыршаның кемшілігі болып табылады. Одан басқа, 


145
қондырғы бағана, конденсатор-тоңазытқыштар, сорғыштар сияқты 
қосымша құралдармен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет