Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет69/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
17-сурет.
Мұнайды атмосферлі-вакуумдық айдау 
қондырғысының сызбанұсқасы.
1, 2, 12 – жылуалмастырғыштар; 3 – жанармайсыздану 
бағанасы; 4 – тоңазытқыш; 5 – ауалы тоңазытқыш; 6 – сұйылту 
ыдысы; 7 – насос; 8 – тұндырғыш; 9, 13, 15 – шикізатты қыздыруға 
арналған пештер, 10 – булану бағаналары бар атмосферлі бағана
11 – жанармайдың тұрақтандырғышы, 14 – булы-эжекторлы 
үрлегіш; 16 – вакуумды бағана, 17 – соңғы тоңазытқыштар. 
Ағымдар: І – мұнай; ІІ – гудрон; ІІІ – суды қоқыстырғышқа жіберу; 
ІV – газфракционирлеуші қондырғыға жіберілетін газ; V – сулы бу; 
VІ – утилизацияға кетететін эжекция газдары; 
VІІ – газфракционирлеуші қондырғыға тұрақтандырудың басты 
фракциясы; VІІ – дизельді фракция; ІХ – жанармай; Х – керосин; 
ХІ – вакуумды дистиллят; ХІІ – отынды газ; ХІІІ – түтінді газ; 
ХІV – айнымалы шашырату; ХV – су; ХVІ – мазут.
Мұнайды атмосферлі айдаудың қайта булану арқылы жүретін 
бір түрі ол – алдын ала булану жəне күрделі атмосфералық ба-
ғанада ректификациялау болып табылады. Конденсацияланбаған 
буландырғыштан шыққан бу жəне аздап жанармайсызданған мұнай 
пеште қыздырылғаннан кейін атмосферлі бағанаға бағытталады. 


146
Нəтижесінде пештің жыланша құбырларында гидравликалық қысым 
азаяды, сорғыштардың саны жəне бағаналар мен конденсаторлардың 
металсыйымдылығы кемиді. Бұл типті АҚ қондырғылары мемлекет-
тің МӨЗ-да аз қолданысқа ие болды.
Мұнайды біріншілік өңдеу қондырғыларының қазіргі қалпы 
жəне оларды жетілдірудің негізгі бағыттары.
АҚ жəне АВҚ 
қондырғыларының негізгі аппараттары болып саналатын – рек-
тификациялау бағаналарының жанасу жабдықтарын жетілдіру. 
МӨЗ құрал-жабдықтарының шамамен 80%-ын ректификациялық 
бағаналар құрайды, олардың тиімді жұмыс істеуінен, əсіресе жанасу 
жабдықтарының материалдық, энергетикалық жəне жұмыс шығыны
мұнай өнімдерінің сапасы жəне алынатын мөлдір мұнай заттарының 
мөлшері, мұнай өңдеу тереңдігін жəне т.б. байланысты. 
Жанасу жабдықтарының əртүрлі конструкциялары белгілі, олар -
дың бір-бірінен пайдалану сипаты жағынан айырмашылығы бар. Жа-
на су жабдықтарын таңдауда негізінен төмендегідей көрсеткіш тер ге 
сүйенеді: 
қуатына; гидравликалық кедергісіне; жеткілікті жоға ры 
тиімділік жағдайында жұмыс істеу көрсеткішіне; жұмыстың 
шайыр тəрізді жəне басқа қалдық түзілетін ортада жүруі еске-
рі ле ті ні не; материал сыйымдылығына; конструкциясының қара-
пайымды ғы на: дайындауының, құрастыруының жəне жөндеуінің 
жеңілдігіне.
Газ жəне сұйық фазалардың жанасу құрылымына қарап жанасу 
жабдықтарын 
тəрелкелі, отырғышты, қабықшалы жəне ротор тə-
різді 
деп бөледі. Мұнай өңдеу жəне мұнай-химия саласында жа насу 
жабдықтарының ішінде тəрелкелі түрі ең көп тараған. Сұйықты 
баспалдақаралық алмасу тəсіліне қарай: 
тəрелкелі ағызғыш жаб-
дықты (бір, екі жəне көп) жəне тіке құлай ағатын
деп айырады. 
Сұйық пен бу ағынының бір-біріне қарай қозғалуын реттеу əдісіне 
байланысты тəрелкелер 
қарама-қарсы ағынды, тура ағынды, 
тоғысқан ағынды жəне тоғысқан қарама-қарсы ағынды
түрлеріне 
бөлінеді.
1) фазаларды 
қарама-қарсы ағынды
тəрелкелер сұйық фазаға есеп-
те генде жоғары қуат көрсетеді, олардың конструкциялары қарапайым 
жəне металл сыйымдылығы аз. Олардың негізгі кемістігі – тиімділігі 
төмен жəне тұрақты жұмыс істеу аралығы жақын, бағана бойында 
ағым ның бөлінуі біркелкі емес, бұл олардың қолданылуына күшті 
шек қояды.


147
2) 
тура ағынды
тəрелкелер қуаты жоғары, бірақ оларда фаза 
бөліну тиімділігі көп емес (-60%), гидравликалық кедергі жоғары 
жə не оларды дайындау қиын, олар қысыммен бөлінетін процестерде 
көбірек қолданылады. 
3) 
тоғысқан ағынды
тəрелкелер ең үлкен бөлу мүмкіндігін көр-
сетеді, себебі оның үстінде сұйық фазаның басқа түрлі тəрел ке лермен 
салыстырғанда ең көп тараған түрі;
4) 
тоғысқан қарама-қарсы ағынды тəрелкелер тоғысқан ағынды 
тəрелкелермен салыстырғанда, (сұйықтың тəрелкемен бағытталған 
қозғалысын іске асыру нəтижесінде), қуаты едəуір жоғары жəне 
бағана бойымен атқарылатын жұмысы тиімдірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет