Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Пиролиз шайыры мен пиролиз шикізаты



Pdf көрінісі
бет107/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
Пиролиз шайыры мен пиролиз шикізаты 
мөлшерінің қатынасы
р/с
Көмірсутек
Шайыр шығымы, % (масс.) 
шикізатқа
1.
Этан
2:3
2
Пропан
8:10
3.
Бутан
5:8
4.
Жеңіл бензин
20:25
5.
Керосин-газойлдік фракция
30:35
22-кесте
Өнімдердің термиялық жəне деасфальтты-шайыр термиялық 
крекингтерінің көрсеткіштері
Р/с
Өнімдер
ТК, % масс. ДШТК
1.
Газ
4,0
8,0
2
Басқа тұрақтандырушы фракция
3,0
3,5
3.
Бензин
18,0
20,0
4.
Термогазойль
-
35,1
5.
Крекинг-қалдық
74,1
32,6
6.
Шығын
0,9
0,9
Шайырдың шығымы пиролиз температурасы төмендеген кезде де 
артады. Мысалы, төмендеу температуралық (740°С) пиролиз кезінде 
шайыр шығымы 30-45% құрайды, ал жоғары температуралық (800°С) 
пиролиз процесінде ол 5-20% дейін төмендейді.


223
Пиролиз шайыры 10-15% құрамында диенді көмірсутектер, 10-
15% олефиндер, 25-30% бензол, 10-15% толуол, сонымен қатар 
стирол жəне инден, қанықпаған қосылыстар, циклоолефиндер – цик-
лопентадиен сияқты көмірсутектердің шектеусіз қоспасы жəне т.б. 
болады. Пиролиз шайырын өңдеу екі нұсқа бойынша жүзеге асы-
рылады. Олар – отындық жəне химиялық нұсқалар. 
Отындық нұсқа бойынша шайыр екі фракцияға – жеңіл жəне 
ауыр фракцияларға бөлінеді. Жеңіл фракциядан гидрлеу арқылы 
қанықпаған көмірсутектер бөлініп шығарылады, тазартылған өнім – 
гидротұрақтанған бензин деп аталады, оның октандық саны 74-78-ге
тең болады жəне тауарлық автобензин құрамдасы ретінде қолданыла-
ды. Ауыр фракция қазандық отыны ретінде пайдаланылады.
Химиялық анықтамалық бойынша шайырдың қайнау басы 
– 70°С, 70-130°С, 130-160°С, 160-200°С, 200-230°С, 230°С жоғары 
фракцияларға бөлінеді. Қ. б. 70°С фракциядан циклопентадиен жəне 
изопропен, 71-130°С фракциядан – бензол, толуол жəне ксилолдар 
бөліп алынады. Бұл фракцияны гидрогендеп өңдеу арқылы 
ароматты көмірсутектердің ішіндегі ең құндысы – тек бензолды 
ғана алуға мүмкіншілік беретін əдістер қарастырылған. 130-160°С 
жəне 160-200°С фракциялары синтетикалық мұнай полимерлік 
шайырлар – стиролдық жəне кумарон – индендік шайырлар алу 
үшін полимерленуге жіберіледі. 200-230°С фракциясы нафталин алу 
үшін шикізат ретінде, ал 230°С-ден жоғары фракция – техникалық 
көміртегі (күйе) алу үшін қолданылады. 
Сəйкес олефиндердің дегидрленуі ацителен мен оның 
туындыларын, сонымен қатар жоғары реакциялық қабілетті бутадиен 
жəне басқа да диенді көмірсутектердің түзілуіне əкеледі. Соңғысы, 
пиролиз жағдайында циклдеу реакциясына түседі. 
Циклоолефиндерді дегидрлеуде арендер түзіледі, жекелей 
алғанда, бензол түзіледі. Ол полициклді көмірсутегі мен кокстың 
негізін қалаушы болып табылады. Соңғы реакцияның (яғни, коксты 
шетке ығыстыруды ұлғайту) температураның 900-1000°С дейін 
жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Келесі қалаусыз жүйе – пиролиз 
жағдайында қанықпаған көмірсутектердің полимерленуі іс жүзінде 
жүзеге асырылмайды. Бұл реакция экзотермиялық жəне төмен 
температурада басталады. Сондықтан бұл реакция жүретін жəне 


224
жылдамдығы жоғары болатын температуралы аумақтан тез өту, 
пиролиздегі газды суыту кезеңіндегі негізгі міндет. Шикізаттың 
жоғары температуралы орындарда болу уақытын ұзарту мақсатты 
өнімдердің қалаусыз өзгерістерінің ұлғаюына үлес қосады. Сондық-
тан пиролиздің таңдамалылығын (селективтілігін) жоғарылату үшін 
əрекеттесу уақытын азайту қажет. Алайда мұндайда шикізатты өңдеу 
дəрежесі өту жолында кемиді, сол себептен өнім шығымы азаяды, ал 
реакция шығындары өседі.
Пиролиз процесін жүргізудің негізгі шарттары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет