226
Одан кейін жылы су буын өндіруге қолданылатын, ысылту – бу-
ландыру құрылғысында пиролиз газы 400°С температураға дейін
суытылады. Содан соң газдар 70°С температурадағы сіңдіргіш май
бүркитін құрылғыдан өтеді.
Пиролиз газдары 180°С дейін суытылады жəне келесі өңдеулерге
жіберіледі. Құрылғы жиынтығында бірнеше жылу алмастырғыштары
бар пештер орналастырылған пиролиз пештері, ысылту бөлімінің,
пиролиз, ысылту-бу құрылғысының жəне май бүрку аппаратының
пештері болады.
Суытылған пиролиз газдары барлық пештерден жалпы коллекторға
жиналады жəне ол алғашқы ректификация тізбегінде шайылуға жі-
беріледі. Газдың төменгі бөлігі күйе мен кокстан ауыр сіңдіргіш
май мен жуу арқылы тазартылады, ал жоғары бөлігі жеңіл сіңдіргіш
майды буландырып жіберу есебінен салқындатылады. Бұл кезде ауыр
шайыр конденсациясы да өтеді. Пиролиз газы тізбектен су қоспалары
– тоңазытқышқа түседі, мұнда жеңіл майлар мен су буларының
конденсациясы жүреді. Сепараторда жеңіл май қосындылары мен су
кейін сығу аймағына, газ бөлу жəне газ тазарту бөлігіне түсетін пи-
ролиз газынан бөлінеді.
Ауыр сіңдіргіш май, күйе мен кокстан тазартуға арналған
фильтрлерге төменнен сорғышпен сорып алынады. Тазартылған
май екі ағымға бөлініп, оның бірі – төменгі бөлікті шаюға жіберіліп,
екіншісі – 700°С дейін суытылып аппаратқа жіберіледі. Құрамында
пиролиздің ауыр шайыры бар сіңдіргіш майдың бір бөлігі қоймаға
немесе шайыр өңдеу бөліміне шығарылады, ал жеңіл құрамды май
2-сепараторға ағып құйылады.
Достарыңызбен бөлісу: