203
80-жылдардың басынан шығарылатын реакциялы камералары
бар түрі кең тараған. Шелл жəне Луммус фирмаларымен осындай
камераларды қолданатын ондаған қондырғылыр салынған. Реакция-
лық камераларды қолдану төмен жылу қуаты бар пешті қолдануға
мүмкіндік береді, бұл түтінді газдардың жылуын пайдалануды же-
ңілдетеді, шығарылатын су буының аз мөлшеріне əкеледі. Луммус
фир
масы реакциялық камерасы бар висбрекинг процесінің жай
(пешті) процеске қарағанда келесі ерекшеліктерін көрсетеді. Айна лыс
шығынының төмендеуі; пештің кіші көлемі; шығындарды 10-15%-ға
кеміту; түтінді газдардың жылуын пайдалану үшін жабдықтардың кі-
ші көлемдері; қысымның төмен айырмасы жəне пеште отынның аз
шығыны; өнімдердің жоғары шығымы жəне жақсы селективтілігі;
жөндеу аралықтың ұзақтығы 1 жылға дейін жəне т.б.
Реакциялық камерасы бар висбрекинг процесі енгізілуінің ма-
ңызды ерекшелігі – энергиялық шығындардың төмендеуі болып
табылады. Тік цилиндрлі реакциялық камералар тиімді құрылым
ретінде ұсынылады. Аталған камераларды қолдану реакциялық жы-
ланша түтіктегі шикізаттың айналу тереңдігін кемітуге жəне оны со-
кер-камераға қажет өлшемге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: