207
Жай кокстеу процесі коксті түсіруге байланысты мезгілді, ал ішкі
затты беру мен дистилляттық өнімдерді шығаруға келгенде үздіксіз
сипат көрсетеді.
Жалған қабатты кокстеуде қыздырылған шикізат жоғары тем-
ператураға дейін қыздырылған қозғалушы инертті жылу алмас-
тырғышпен жанасып, реакциялық аппаратта осы жылу алмастырғыш
бетінде кокстенеді. Реакциялық аппараттан регенераторға бетінде
кокс отырған жылу бергіштің бір бөлігі біртіндеп шығарылады.
Регенераторда қажетті температураға дейін қыздырылады. Қызған
жылу бергіш реакция аумағына қайта беріледі.
Кокстеуге қажетті жылудың негізгі мөлшерін шикізаттың қызған
жылу бергішпен жанасуының нəтижесінде алатындықтан, шикізатты
реакторға беру алдында жай кокстеу температурасына қарағанда,
төмендеу температураға дейін қыздыруға болады. Бұл өте жоғары
тұтқырлы, шайырлы өнімдерді құбырлы пештерде қыздырғанда имек
құбырдың тез кокстеуіне алып келетін өңдеуді жетілдіреді.
Жұмыс істейтін үздіксіз кокстеу қондырғыларында жылу бергіш
есебінде бөлшек мөлшері 0,3 мм дейін ұнтақ кокс пайдаланылады,
ал кокстеу процесі жылу бергіштің қайнаушы қабатында жүргізіледі.
Коксті жылу бергішті қозғалтуда пневмо-транспорт принципін
пайдаланады. Негізгі қозғаушы күш болып кокс бөлшектерін өзімен
ілестіріп алып кететін бу немесе газ саналады. Пневмотранспорттың
əртүрлі жүйелері болады: сұйытылған қабатта жəне тығыз қабатта.
Қайнаушы қабатта үздіксіз кокстеуде бірден үш процесс жүреді:
ыдырау мен тығыздану өнімдерінің түзілуімен жүретін кокстеудің өзі
– кокс пен ұшқыш заттардың бөлінуі жүретін коксті пісіру процесі
жəне бу фазасында болатын кокстеу өнімдерінің екінші ыдырау мен
тығыздану реакциялары.
Кокс жылу бергіштің жоғары температурасы ыдырау өнімдерінің
булануына жəне олардың кокс бөлшектерінің бетінен бөлінуіне көмек-
теседі. Өнімдердің қайта түзілу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан үздіксіз
кокстеуде, жай кокстеуге қарағанда, кокс шығымы аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: