. Ішкі үдерістегі хабарламаларды қолдану;
. Электронды құралдар.
6.5.3. Жоспарлау Стратегиялық жоспарлау және сапа саласындағы саясат ұйымға
сапа саласындағы мақсаттардың негізін қалауды қамтамасыз етеді. Бас-
шылар ұйым жұмысын жақсартуға арналған мақсаттарды өңдеуі тиіс.
Басшылар жүргізген талдаудың тиімділі мен нәтижесін анықтау үшін
мақсаттарды өлшеп отыру керек.
Осы мақсаттарды жасау барысында келесілерді ескерген жөн:
. Ұйымның келешектегі және қазіргі кездегі қажеттіліктерін және
нарықтағы қызметін;
. Басшылар жағынан сәйкес талдауларды;
. Өнімнің нақты мінездемесін және көрсеткіштерін;
. Қызығушылық танытқан жақтардың қанағаттандыру деңгейі;
. Өзін-өзі бағалау нәтижесі;
. Жақсы жетістіктермен салыстыру, бәсекелерді талдау нәтижелері
және жақсарту қабілеттері;
. Қойылған мақсаттарға қажетті қорлар.
Сапа саласындағы мақсаттың дамуының жауапкершілігін анықтау
керек. Мақсатты систематикалық талдау керек және қажеттілікке бай-
ланысты қарастыру керек. Ұйымның жоғарғы басшылары сапа сала-
сын мақсаттармен қамтамасыз етуі тиісті. Сапа саласындағы мақсат
өлшенетін болуы тиіс және сапа саласындағы саясатпен үйлесуі керек.
Ұйымның өнім сапасын жоспарлауы басшыларға жауапкершілік
туғызады. Бұл жоспарлау мақсатқа жетудің тиімділігі мен нәтижелілігі
жөніндегі арнайы үдеріске негізделуі тиіс, сонымен бірге ұйымның
стратегиясымен сәйкестендірілуі тиіс.
Жоспарлаудың тиімділігі мен нәтижелілігіне келесілер жатады:
. Ұйымның стратегиясы;