Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте Қан эритроциттеріндегі аглютиногендер



Pdf көрінісі
бет121/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

25-кесте
Қан эритроциттеріндегі аглютиногендер
Қан тобы
Аглютиноген
Аглютинин
І О
Жоқ 
α,β
ІІ (А)
А
β
ІІІ (В)
В
α
IV (А,В)
В жəне В
І топ – 49% əмбебап донор
II топ – 30% 
III топ – 15%
IV топ – 6% əмбебап рецепиент
Донор – қан беретін адам. 
Рецепиент – қан құйдыратын адам.
Адам қан топтарының тұқым қуалауына есеп шығару жол-
дары жəне есептер жинағы:
51-есеп.
Əкесі мен шешесінің қаны екінші жəне үшінші топқа 
жатады. Балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін?
52-есеп.
Мына отбасында балалардың қан топтары қандай жəне 
қандай сан қатынасында болады?


229
а) Ата-анасының қанының топтары А жəне В болса, отбасында 
қанының тобы О бала туа ма? Болса қандай жағдайда жəне қандай 
ықтималдықта?
б) Əке-шешесінің біреуінің қаны I топқа, ал екіншісінікі ІІІ топқа 
жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын жəне 
оның генотипін анықтау керек.
53-есеп.
Сот үдерісінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жа-
тыр. Шешесінің қаны бірінші топ. Ал баласының қаны екінші топқа 
жатады. Баланың əкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын ер адам бо-
луы мүмкін бе? Əкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін?
54-есеп. 
Əкесінің қаны бірінші топ, ал шешесінің қаны үшінші 
топ болған жағдайда, олардың балаларының қан топтары қандай бо-
луы мүмкін?
55-есеп.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаны гетерозиготалы 
ІІІ топқа, ал екіншісінікі гетерозиготалы II топқа жатады. Олардың 
төрт баласы бар. Сол балалардың қанының топтарын жəне оның 
генотиптерін анықтаңдар.
56-есеп.
Ерлі-зайыптылардың екеуінің де қанының топтары гете-
розиготалы III топ болған жағдайда, олардан II жəне IV топқа жата-
тан балалар тууы мүмкін бе?
57-есеп.
Баланың қаны – екінші топ, оның інісінікі – үшінші топ. 
Олардың ата-аналарының қанының топтары туралы не айтуға бо-
лады?
58-есеп. 
Əрқашан əкесінің қанын балаларына, қарындасыныкін 
туған ағасына құюға бола ма?
59-
есеп. Шешесінің қаны О топқа, ал əкесінің қаны АВ топ 
болған жағдайда, балаларына ата-анасының біреуінің қанының тобы 
берілуі мүмкін бе?
60-есеп.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаны АВ тобына
екіншісінікі – А тобына жатады. Осы некеден қан топтары В, АВ 
жəне О үш бала туады. Ата-анасының, балалардың генотипін 
анықтаңдар? Балалардың қан топтарында күдікті сенімсіздік туды-
ратындай мəселе бар ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет