235
Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор –
тұқым қуалаушылық, өзгергіштік жəне сұрыптау арқылы іске асады.
Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық
өзгерістер
микроэволюция
деп аталады.
Популяциялардың екі түрін ажыратады: табиғи жəне жасан-
ды. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи
сұрыпталудың нəтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның
қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске аса-
ды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында
өсірілетін малдар
тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады.
Генетикалық құрылымы жағынан популяцияға қарама-қарсы
түсінік –
таза линия.
Өздігінен тозаңданатын жеке өсімдіктің
ұрпақтары таза линия болып саналады. Мұндай будандастыру-
дан алынған дарабастар бір-бірімен генетикалық құрамы жағынан
айырмашылығы жоқ болады деп санауға болады, өйткені олар
популяцияға қарағанда толық гомозиготалық генотиппен сипаттала-
ды. Мал өсіруде таза линия алу қиын, себебі ұрпақтың гомозиготалық
дəрежесін жоғарылататын туыс малдарды шағылыстыру
инбред-
ті депрессияға
соқтырады. Сондықтан мал шаруашылығы тəжі-
рибесінде таза линия алуға тырыспайды, мал тұқымын асылданды-
ру əр уақытта популяцияда жүреді. Ал зертханалық жануарлардың
(тышқан, егеуқұйрық, т.б.) жоғары гомозиготалы линияларын алудың
генетикалық тəжірибелер үшін маңызы зор. Мысалы, жаңадан
алынған вакциналардың, мутагендердің жəне т.б. препараттардың
ағзаға əсерін генетикалық біркелкі дарабастарға (линияларға) енгізу
арқылы анықтау өте ыңғайлы.
Сонымен популяциялық генетика тұқым қуалаушылықтың
кəдімгі механизмімен айналыспайды, бірақ ол осы механизмнің
популяцияның эволюциясында атқаратын рөлін, Мендель
заңдарының популяция деңгейінде іске асуын жəне қарапайым
эволюциялық факторлардың популяцияның генетикалық құрылы-
мына əсерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: