10.2 Харди-Вайнберг формуласының қолданылуы
Ол арқылы популяцияның генетикалық құрылымын талдауға
болады. Доминантты белгі бойынша популяциядағы гомо жəне ге-
терозиготалы генотиптердің жиілігін фенотипі айқын байқалатын
рецессивті гомозиготалы дарабастардың
(аа)
саны арқылы Харди-
Вайнберг формуласын пайдаланып, есептеуге болады.
68-eсеп.
Мысалы, 5000 қойдан құралған популяцияда 2 соқыр
қозы туылды. Кемістік рецессивті геннің əсері екенін пайымдау
қиын емес, яғни соқыр қозылардың генотипі –
аа.
Харди-Вайнберг формуласы арқылы осы генотиптің отардағы
жиілігін табамыз.
q
2
aа = n
aa
: N=
2:5000 = 0,0004.
Енді рецессивті геннің жиілігін табуға болады:
q
а
=0,02. Доми-
нантты геннің жиілігін анықтау үшін
p+q=1
теңдеуіне жүгінеміз:
p
а
=1-q
а
=1-0,02=0,98
. Екі аллельдің де жиілігі белгілі болғандықтан,
Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, зерттеп отырған ло-
кус бойынша популяцияның теориялық генетикалық құрылымын
анықтаймыз:
АА
= р
2
= 0,98
2
= 0,9604 (95,04% немесе 4802 бас)
Аа
= 2pq – 2 х 0,98 х 0,02 = 0,0392 (3,92% немесе 196 бас)
аа
= q
2
= 0,02
2
= 0,0004 (0,04% немесе 2 бас).
Есептеудің дəлдігін тексеру үшін генотиптердің жиілігін қосу
керек. Олардың қосындысы 1-ге тең болса есептеу дұрыс деп сана-
лады. Біздің мысалымызда генетикалық кемістің гені бар гетерози-
готалы малдың саны 196 басқа тең.
Үш аллельді локус (оларды
А
1
, А
2
, А
3
деп, жиіліктерін
р, q
жəне
r
деп белгілейік) бойынша генотиптердің арақатынасы былайша та-
ралады:
(
p
А1
+ q
А2
+ r
А3
)
2
= p
2
А1А1
+ q
2
А2А2
+2 p
А1+
q
А2
+2 p
А1
r
А3
+2 q
А2
r
А3
Мұндағы генотиптердің арақатынасы Харди-Вайнберг заңына
p + q + r
= 1
немесе
p
+
q
+
r
= 1 немесе (
p
+
q
+
r)
2
=1 формуласына
сəйкес келеді.
|