236
жəне неміс генетигі Г.Вайнберг бір-біріне тəуелсіз дəлелдеді.
Хар-
ди-Вайнберг заңы
бойынша қарапайым эволюциялық үдерістің фак-
торлары (мутация, сұрыптау, миграция жөне гендер дрейфі)
жоқ кез-
де популяцияның гендер (аллельдер) жиілігі белгілі тепе-теңдікке
тез жетіп, барлық келесі ұрпақтар аралығында өзгермейді.
Харди-Вайнберг заңы мынадай жағдайларды керек етеді:
біріншіден, популяцияға кіретін ағзалар саны жеткілікті
мөлшерде көп болуын;
екіншіден, əртүрлі генотиптердің көбею қабілеттілігі бірдей бо-
луын;
үшіншіден, популяцияда кездейсоқ шағылысудың сақталуын.
Кездейсоқ шағылысу
немесе
панмиксия
деп
популяция құрамына
енетін ағзалардың бір-бірімен еркін шағылысуын түсінеді, мұндағы
шағылысудың барлық комбинацияларының жиілігі бірдей болады.
Жеке алғанда, мысалы, генотипі
АА аналық ағза
генотипі
АА, Аа
не-
месе
аа
аталықпен ешқандай артықшылықсыз кездейсоқ шағылыса
алады. Панмиксия гаметалар деңгейінде сақталады деп түсіну керек.
Əрбір аналық жыныс жасуша кез келген
сперматозоидпен бірдей
мүмкіндік жиілігімен ұрықтанады деп есептеледі.
Харди-Вайнберг заңы формула арқылы өрнектеледі. Айталық
белгілі бір популяциядағы екі
А
жəне
а
аллельдің
жиілігі
р
жəне
q-ге
тең делік
(p+q=I). А
аллелі
бар гаметалар
р
жиілікпен кездеседі,
ал
а
аллелі бар гаметалардың жиілігі –
q.
Гаметалардың зиготаға
қосылуы кездейсоқ өтетін болса, онда генотипі
АА
зиготаның
жиілігі
р
2
-қа,
генотипі
Аа
зиготаның жиілігі
2pq-ге
жəне генотипі
аа
зиготаның жиілігі
q
2
-қа, яғни биномдық формуланың жіктелу
мүшелеріне
(pA+qa)
2
= p
2
AA + 2pqAa + q
2
aa)
тең болады.
Келесі ұрпаққа гомозиготалы генотиптер гаметаның бір типін
ғана береді, ал гетерозиготалы генотиптер əртүрлі
гаметалардың
бірдей санын береді. Популяциядағы əрбір дарабас орта есеп-
пен гаметаның бірдей санын берсе, онда əрбір гаметаның үлесі
популяцияның əртүрлі фенотиптерінің жиілігіне байланысты бола-
ды, сондықтан
А-гаметаның үлесі:
p
2
1/2(2pq)=p(p+q)=p
а-гаметаның үлесі:
p
2
+1/2(2pq)=q(p+q)=q
Демек сұрыптаудың не мутацияның əсері
жоқ кезде бір ұрпақтан
кейінгі еркін шағылысуда түзетілетін
А
жəне
а
гаметаларының
жиілігі бұл популяцияның бастамасын беретін гаметалар жиілігіне
тең болады. Бұдан генотиптер арақатынасы келесі ұрпақтарда да
өзгермейді деуге болады.
237
Харди-Вайнберг заңынан мынадай қорытынды шығады:
популяцияның бастапқы аталық жəне аналық дарабастарында ал-
лельдер жиілігі бірдей болса, онда кездейсоқ
шағылысуда кез келген
генотиптерінің тепе-теңдік жиілігі бір ұрпақ көлемінде іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: