Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


9.4 Адам қан топтарының тұқым қуалауы



Pdf көрінісі
бет118/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

221
9.4 Адам қан топтарының тұқым қуалауы
Бір жасушалы қарапайым ағзалар сыртқы ортадан өзіне қажетті 
заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін 
сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жану-
арларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін 
орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмай-
ды, ал жасушалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы 
ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға – қан, жасушааралық немесе 
ұлпалық сұйық жəне лимфа жатады. Жасуша өзіне қажетті зат тар -
ды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ 
қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. 
Ағза жасушалары қан құрамынан пайда болатын жасушааралық 
сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана 
ағзаның ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпааралық сұйықты шын 
мəнісіндегі ішкі орта деп санайды.
Қан
қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық 
сұйық, лимфамен бірігіп, ағзаның ішкі ортасын құрайды, денеде көп 
түрлі қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
– тасымалдаушы қызмет – қан жасушаларға қорек жеткізіп
олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөліп шығару мүшелеріне: 
бүйрек, тер бездері, өкпе, т.б. тасымалдайды. Қанмен денеге гор-
мондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізіледі, жасушалардан көмір 
қышқыл газы алынып кетіледі;
– қорғаныстық қызмет – қанның ақ түйіршіктері фагоциттік 
белсенділік көрсетеді немесе жасушалық иммунитет жəне лимфо-
циттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады немесе 
гуморальды иммунитет;
– 
жылу реттеуші қызмет – толассыз айналыста болудың 
арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік 
береді. Қанның жəрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы 
сыртқы ортаға бөлінеді;
– 
байланыстырушы немесе коррелятивтік қызмет – əртүрлі 
мүшелер мен жасушалар əрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі 
секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан ағза жасуша-
ларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан əртүрлі жасушалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық 
зат – плазмадан жəне қан түйіршіктерінен немесе жасушаларынан: 
қызыл түйіршіктерден немесе эритроциттерден, ақ түйіршіктерден 


222
немесе лейкоциттерден жəне қан табақшаларынан немесе тромбо-
циттерден тұрады.
Плазма да, сарысу да сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш 
заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты. 
Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ 
заттың 6-8%-ы ақуыздардан тұрады. Плазма ақуыздары альбумин, 
глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы 
құрамында несепзаты, зəр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин 
қышқылдары, аммиак сияқты ақуыз алмасуының қалдық өнімдері 
болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы 
мөлшері белок алмасуының қарқынына, ағзаның физиологиялық 
жағдайына байланысты өзгереді. Плазма құрамында көмірсулар 
(глюкоза), липидтер жəне минералды заттар (0,9%) болады. Қан 
құрамындағы ақуыздарға пропердин мен ферменттер (амилаза, ли-
паза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус 
ақуыздарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, бактериа-
ларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа 
пайда болған факторы болып саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан оның 
сұйық сары бөлігін 
қан сарысуы
деп атайды. Қан сарысуы құрамы 
мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фи-
бриноген ақуызы ғана болмайды.
Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері. 
Плаз-
ма ақуыздары əртүрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік 
қасиет тəн, сондықтан ақуыздар қанның рН-ын тұрақты деңгейде 
сақтауға мүмкіндік береді. Ақуыздар қанға тұтқырлық қасиет беріп, 
артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Олар осмостық қысым туғызып, қан кұрамындағы су мөлшерінің 
тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын 
реттейді. Альбуминдер əртүрлі дəрі-дəрмек препараттарын, дəрумен 
дəрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымал-
дауда зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғаныш денелер 
түзіледі, сондықтан олар ағзаның иммунитетін қалыптастырады. 
Фибриноген канның ұю үрдісіне катысады. Қан ұйыған кезде 
фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин 
талшықтарын түзеді. Плазма ақуыздары ұлпа ақуыздарын құрау 
үшін пайдаланылады.
Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе 
көп болады (тиісінше, шамамен 4,5 жəне 2-3%). Альбуминдердің гло-


223
булинге қатынасын ақуыз коэффициенті деп атайды. Альбуминдер 
мен фибриноген бауыр торшаларында, ал глобулиндер – тек бауырда 
ғана емес, көк бауырда, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.
Қан қызыл түсті, кермек дəмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның 
түсі құрамында ерекше белок – гемоглобиннің болуына байланыс-
ты. Артерия қанының түсі ашық – қызыл, ал вена қаны – қоңыр 
қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланыс-
ты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дəм береді. 
Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты 
қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем 
деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2, 
ал қанның тұтқырлығы – 5,0-ге тең.
Қанның тығыздығы – 1,050-1,060. Ол эритроциттер санына 
тə уелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы – 1,090, ал 
плазманың тығыздығы 1,025-1,034 аралығында болады.
Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының əрекетшіл 
ортасы əлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі 
(Н+) жəне гидроксил иондары (ОН ) мөлшерінің арақатынасымен 
анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы 
ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 
шамасында сақталады. Зат алмасу үрдісі барысында қанға көмір 
қышқыл газдың, сүт қышқылының, т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің 
бөлінуіне қарамастан қанның əрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда 
сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті 
мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып 
отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.
1. Бикарбонатты буферлік жүйе: ол көмір қышқылы мен натрий 
бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты буферлік жүйе: бір жəне қос негізді фосфор-
қышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты буферлік жүйе: плазма ақуыздарынан құралады. 
Ақуыздар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның əрекетшіл ор-
тасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның 
сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды. 
4. Гемоглобиндік жүйе: гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) 
байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда əлсіз 
қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ио-
нын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтын) қышқылға 


224
айналады. Қанның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге 
байланысты.
Қан əрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы 
қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік 
қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан 
құрамында қышқылдық жəне сілтілік эквиваленттер белгілі 
арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет