Гендердің өзара əрекеттесуіне есеп шығару жолдары жəне есептер жинағы: 23-есеп. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі ком-
плементарлы доминантты А мен В гендерінің өзара əрекеттесуі
арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса,
қызыл пигмент түзілмейді де, өсімдіктің гүлінің түсі тек ақ бола-
ды. Генотипті төмендегідей болып келген өсімдіктердің гүлдерінің
түсін анықтаңдар:
Аавв; ааВВ; ААВв; АаВв; ааВв; ААВВ. 24-есеп . Мына төмендегі жолдармен будандастырудың
нəтижесінде Ғ
1
-дегі алынған будан өсімдіктердің фенотиптерін
анықтаңдар:
ААвв х ааВв; АаВв х АаВв; ААвв х Аавв; ААвв х ааВВ. 25-есеп . Құндыздың жабайы типіне тəн болып келетін терісінің
қоңыр түсін екі доминантты ген А жəне В анықтайды. Осы екі геннің
біреуінің рецессивті аллелі бойынша гомозиготалы болса, сұр түс
береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ
-1
-дегі ұрпақтың
барлығы да қоңыр болып шықты. Ата-аналық жұптың генотиптерін
жəне Ғ
-2
-дегі болатын ажыраудың сипатын анықтау қажет.