225
реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма
құрамындағы факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік
үдеріс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық ұю
механизмі).
Тамыр – тромбоциттік механизм қан қысымы төмен ұсақ та-
мырлар зақымданғанда іске қосылады. Бұл жағдайда тромбоцит-
терден бөлінген заттардың əсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер
зақымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма
оңай өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда бо-
лады. Одан əрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп,
олар плазманы өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоцит-
терден бөлінген заттардың əсерімен қан тамыры тарыла түседі,
3-фактор – тромбоцит протромбиназасы арқылы қанның ағуын
тоқтатудың коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан
кейін тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан ұйығының ретракция-
сы нəтижесінде тромбоцит тығыны
зақымданған тамырға бекиді,
қанның ағуы тиылады.
Ірі тамырларда тромбоцит ұйығы үлкен қысымға шыдамайды,
шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин ұйығы
тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады. Бұл кезең үш
сатыда өтеді.
Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V – фактор-
лар мен тромбоциттердің 3-факторының əрекеттесуі нəтижесінде
күрделі үрдіс жүріп, тромбопластин (ІІ-факгор) пайда болады. Тром-
бопластин ұлпалар мыжылып зақымданғанда да пайда болады, оны
ұлпа тромбопластині деп атайды.
Ұюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V,
VI, VII факторларымен əрекеттесіп, тромбоциттердің 1 жəне 2
факторларының қатысуымен К дəрмендəрісі жеткілікті болған
жағдайда бауырда түзілетін бұйығы фермент протромбинге əсер
етіп, оны белсенді фермент — тромбинге айналдырады.
Қан топтары
– бір биологиялық түр дарабастары қанының
иммуногенетикалық белгілері. Адамның
қан тобы ұрықтың жатырда
даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан ақуызының
құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a
жəне b əріптерімен таңбаланады.
Адамда көптік аллельдер типі бойынша қан топтары тұқым
қуалайды. Қан топтарын бір ғана ген (I) бақылайды. Осы геннің үш
типті аллелі белгілі. І
А
, І
В
, І
0
.
226
АВО – қан топтарының жүйесін 1900 жылы Ландштейнер
ашқан. 1911 жылы Ван Дунгерн жəне Гришфельд қан топтарының
тұқым қуалайтынын нақтылай түсті. Бұл деректер Мендель
заңдарын адамға, адамдағы белгілердің тұқым қуалайтындығына
қолдануға болатындығын дəлеледеді. 1924
жылы Бренштейн АВО
қан топтарының жүйесі адамдағы бір локуста орналасқан көптеген
аллельдер арқылы бақыланатынын анықтады.
Генотипі І
О
І
О
болып келетін адамның қаны бірінші топқа,
генотиптері І
А
І
А
немесе І
А
І
О
екінші, І
В
І
В
немесе І
В
І
О
үшінші, І
А
І
В
төртінші топқа жатады.
I топ генотипі жағынан О гені бойынша рецессивті гомозигота,
ІІ ші топ генотипі жағынан А жəне О гендері бойьшша гетеро
немесе гомозиготалы,
ІІІ топ генотипі жағынан В жəне О гендері бойынша гетеро не-
месе гомозигота,
IV А жəне В гендері бойынша домиантты гетерозигота.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін
адамды – донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды
– реципиент (латынша «recepiens» – қабылдаушы) дейді. Қаны I топқа
жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-
300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II жəне
IV топқа
береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін
тек IV топқа құюға болады. Егер қан топтары сəйкес келмесе, эритро-
циттер желімденіп қалады да, аяғы сəтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде
қан құюда тек өз тобына сəйкес қан құйылады.
Қан топтарының тұқым қуалауын білудің үлкен тəжірибелік
маңызы бар. Мысалы, қан құю мəселесінде бірінші топқа жата-
тын қанды барлық адамдарға құюға болады,
қанның екінші тобын
тек екінші жəне төртінші топқа, үшінші топқа жататын қанды тек
үшінші жəне төртінші топқа, ал төртінші топқа жататын қанды, тек
төртінші топтағы қаны бар адамға құюға болады (10-cурет).
Достарыңызбен бөлісу: