Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте Адамның доминатты жəне рецессивті белгілері



Pdf көрінісі
бет32/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

7-кесте
Адамның доминатты жəне рецессивті белгілері
Белгілер Доминантты 
Рецессивті 
Қалыпты
Көз
Үлкен
Кіші
Көз түсі
Қара
Көк
Көз қиығы
Тік
Қиғаш
Бет шұңқыры
Бар
Жоқ
Құлақ
Кең
Тар
Күрек тістер арасындағы 
саңылау
Бар
Жоқ
Шаш
Ұсақ бұйра
Қатты, түзу, тікірейген
Адыр бұйралы
Түзу, жұмсақ
Шаштың ағаруы
25 жаста
40-тан кейін
Қасқабастану
Еркектерде
Əйелдерде
Маңдай үсті ақ бұрым шаш Бар
Жоқ
Түкті қас
Бар
Жоқ
Тері
Қалың
Жұқа


67
Терінің түсі
Қара
Ақ
Секпіл
Бар
Жоқ
Қол ебі
Оңқай
Солақай
Саусақ терісіндегі өрнек
Эллипс типті
Дөңгелек
Дауыс (əйелдерде)
Сопрано
Альт
Дауыс (еркектерде)
Бас
Тенор
Абсолюттік музыкалық
есту қабілеттілігі
Бар
Жоқ
Патологиялық
Көргіштік
Жақыннан
Қалыпты
Қолдағы саусақ саны
Көпсаусақтылық (6 не
7) – полидактилия
5 саусақ
Саусақтың ұзындығы
Қысқа (брахидактилия) Қалыпты
Кестенің жалғасы
Белгілер Доминантты 
Рецессивті 
Қатерлі ісік
Дамуы (нейрофибро-
матоз)
Дамымауы
Гемоглобиннің құрылысы
Қалыпты
Орақ тəрізді
Саңыраулық
Жоқ
Бар
Фенил аланиннің алмасуы
Қалыпты
Фенилкетонурия
Липидтік алмасу
Қалыпты
Тея-Сакс ауруы
Лактозаның сіңірілуі
Қалыпты
Галактоземия
Қанның ұюы
Қалыпты
Гемофилия
Əртүрлі типті гаметалардың өзара қосылу мүмкіндіктерін есеп-
теп шығаруды жеңілдету үшін ашылған генетигі Р. Пеннет ұсынған 
тор жасалынады. Пеннет торында аталық гаметалар горизонталь 
бағытта, аналық гаметалар вертикаль бағытта жазылады. 
Тордың ішінде гаметалардың үйлесімдері орналастырылады, ол 
үйлесімдер ағзалардың генотиптерін көрсетеді. Мысалы, гомозиго-
талы 
АА
немесе гетерозиготалы 
Аа
өсімдіктер тұқымдарының беті 
тегіс болғанымен олардың тұқым қуалау бастамалары бірдей емес. 
Ағзалардың сыртқы көрінетін белгілерінің жиынтығын 
фенотип

ал тұқым қуалау бастамаларының жиынтығын 
генотип
деп атайды. 
Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1
АА 
: 2
Аа
: 1
аа
, ал 
фенотип бойынша 3
А
- : 1
аа
қатынасында болатындығын 8-кестеден 
оңай көруімізге болады.


68
8-кесте
Моногибридті будандастырудың Пеннет торы
Гаметалар Аналық 
Аталық А
а
А
АА
Аа
а
Аа
аа
Əртүрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау 
үшін ағылшын генетигі Р. Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейін- 
нен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық 
бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен 
аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық 
жəне аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар 
жазылады. 
Пеннет тордың
көмегімен екінші ұрпақ даралары ның 
фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.
Мендельдің бұршақпен жүргізген тəжірибелерінен байқалған 
доминанттылық құбылысын 
толық доминанттылық
деп қарас-
тыруға болады. Егер F
1
-дегі будандардың белгілері ата-аналық 
формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта болса, 
оны 
толымсыз доминанттылық
деп атайды. 
Реципрокты будандастыру деп доминантты жəне рецессивті 
белгісі бар ағзаларды аналық ретінде де, аталық ретінде де пайда-
лануды айтады. Реципрокты будандастыру
 
кезінде 
тура
жəне 
кері 
будандастырулар
жүргізіледі. Мысалы, 
АА х аа
– тура, ал 
аа х 
АА
– кері будандастыру. Белгілердің тұқым қуалауын гибридология-
лық талдау əдісімен зерттеуде кейде 
қайыра будандастыру
немесе 
беккрос
деп аталатын будандастырулар қолданылады. Ол бірінші 
будан ұрпақ F
1
-ді гомозиготалы (доминантты немесе рецессивті) 
формалармен будандастыру болып табылады жəне осындай будан-
дастырудан алынған ұрпақты 
F
а
деп белгілейді. Оны былайша жазу-
ға болады: 
Аа х АА
немесе 
Аа х аа
. Генетикалық талдау жəне селек-
ция жұмыстары үшін осы екі будандастырудың маңызы бірдей емес. 
Бірінші будан ұрпақ доминанты аллельдер бойынша гомозиготалы 
формамен қайыра будандастырған кезде оның ұрпақтары генотипі 
жағынан 1
АА : 
1
аа
болғанымен фенотипі бойынша белгілердің ажы-
рауы байқалмайды жəне тек сары түсті тұқым пайда болады.
Генетикалық талдау үшін де, сол сияқты селекция жұмыстары 
үшін де F
1
ұрпағын рецессивті аллельдер бойынша гомозиготалы 
формамен будандастырудың үлкен маңызы бар. Будандастырудың 
мұндай жолын 
талдаушы (анализдеуші) будандастыру
деп атайды.


69
Рецессивті гомозиготалы форма (
аа
) бір типтес гаметалар (
а

түзеді, ал гетерозиготалы будан (
Аа
) екі сортты 
А
жəне 
а
гамета-
ларын түзеді. Аналық жыныс жасушаларының əрқайсысы бірдей 
мүмкіндікте ұрықтанған жағдайда
Аа
жəне аа генотиптері 1:1 
қатынасында болып шығады. Қайыра будандастырудың осындай 
жолымен алынған 
Аа
ұрпағы тұқымының түсі сары, 
аа 
ұрпағының 
түсі жасыл, яғни фенотиптері бойынша ұрпақтардың ажырауы 1:1 
қатынасында болады. Сонымен, талдаушы будандастыру кезінде 
белгілердің ажырау ерекшелігіне қарап буданның генотипін, бу-
дандар түзетін гаметалар типін жəне олардың арақатынасын 
талдауға болады. Талдаушы будандастырудың көмегімен ағзаның 
белгісіз генотипін анықтауға болады. Мысалы, тұқымының түсі 
сары өсімдіктерді жасыл тұқымды өсімдіктермен будандастырған 
кезде алынған ұрпақтың тұқымдарының бəрінің түсі сары болса
онда будандастыру үшін алынған өсімдік тұқымының генотипі 
АА
, яғни доминанты гомозиготалы болғаны. Егер дəл осындай бу-
дандастырудан алынған сары жəне жасыл тұқымды өсімдіктердің 
арақатынасы 1:1 қатынасында болса, онда анықтауға алынған сары 
тұқымды өсімдіктердің генотипі 
Аа
, яғни гетерозиготалы болғаны. 
Талдаушы будандастырудың тəжірибелік жұмыста да маңызы зор 
(6-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет