Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет57/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

9-сурет
Комплементарлы əрекеттесуде белгілердің 9:7 қатынасында 
ажырауы
Белгілердің 9:3:4 қатынасында ажырауы.
Кейде екі геннің де 
доминантты жəне рецессивті аллельдерінің өз беттерімен көрінетін 
кездері болады. Осыған байланысты Ғ
2
-дегі белгілердің ажырау 
сипаты өзгереді. Мысалы, қара бидайдың гомозиготалы ақ дəнді 
өсімдіктерін сары дəнді өсімдігімен будандастырғанда Ғ
1
-де дəнінің 
түсі жасыл (A-B-) болады. 
10-сурет. 
Комплементарлы əрекеттесуде белгілердің 9:3:4 қатынасында 
ажырауы


110
Екі жасыл дигетерозиготалы өсімдіктерді өзара будандастырса
Ғ
2
-де белгілердің ажырауы 9:3:4 болады (10-сурет). Демек А-гені 
сары түске жауап берсе, ааВ жəне aabb ақ түстің дамуына жауап 
береді. 
Белгілердің 9:3:3:1 қатынасында ажырауы.
Егер комплемен-
тарлы гендердің əрқайсысы фенотипте өз белгілерін көрсете алса, 
белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасына тең болады. Мысалы, сары 
түсті жемісті қызанақты қызғылт сары түсті жемісті қызанақпен 
будандастырған. Ғ
1
-де алынған будандардың түсі қызыл (А-B-
) болған. Ал Ғ
2
-де 9 қызыл (A-B-), 3 сары (A-bb), 3 қызғылт сары 
(aaB-), 1 сары-қызғылт сары (aabb) жемісті будандар алынған.
Белгілердің 9:6:1 қатынасында ажырауы.
 
Комплементар-
лы гендердің фенотипте əрқайсысы бір-бірінен тəуелсіз жағдайда 
бірдей белгілерді анықтаса, белгілердің ажырауы 9:6:1 қатынасында 
болады. Бұған мысал ретінде асқабақтың пішінін анықтайтын ком-
плементарлы гендерді алуға болады. Екі доминантты ген өзара 
əсерлескенде (A-B-) асқабақ тегершік пішінді, гомозиготалы 
рецессивті (aabb) жағдайда сопақша, ал комплементарлы гендер же-
ке-жеке кездескенде (А-bb жəне ааВ-) асқабақтың пішіні дөңгелек 
болған. 
5.2 Эпистаз
Бір геннің əсерін екінші геннің толық басып тежеуін, оның 
көрінуіне мүмкіндік бермеуін 
эпистаз
деп атайды. Басқа гендердің 
əсерін басып тастайтын гендерді супрессор (S) немесе ингибитор (I) 
деп атайды. Ондай гендер тірі ағзалардың бəрінде кездеседі. Белгінің 
көрінуіне мүмкіндік бермейтін гендер – 
эпистаздық
гендер
деп, ал 
əсері басылып тасталынатын гендер – 
гипостаздық
гендер
деп ата-
лады. Эпистаздық гендер рецессивті де, сол сияқты доминантты да 
болуы мүмкін. Осыған орай эпистаз 
доминантты
жəне 
рецессивті
болып бөлінеді.
Егер бір геннің рецессивті аллелі гомозиготалы күйінде екінші 
геннің доминанты немесе рецессивті аллелінің көрінуіне мүмкіндік 
бермесе (аа>В, аа>вв), гендердің осындай əрекеттесуін 
рецессивті
эпистаз
деп атайды. Жоғарыда айтылған сыңар рецессивті 
эпистаздан басқа, тағы да əр геннің рецессивті аллелі гомозигота-
лы жағдайда, бір мезгілде əр жеке геннің доминанты аллельдерін 


111
реципрокты
түрде тежей алады, яғни аа>В-ны, ал, вв>А-ны 
дегендей. Осындай екі тежеуші рецессивті гендердің өзара 
əрекеттесуін 
қос
рецессивті
эпистаз
деп атайды. Бұл жағдайда 
дигибридті будандастыру кезінде фенотип бойынша ажыраудың 
арақатынасы гендердің комплементарлы жолмен əрекеттесуінде-
гідей 9:7 болады.
Доминанты эпистаз
деп доминанты бір геннің қызметін оған 
аллелді емес басқа бір доминанты геннің басып тежеуін айтады. 
Тауық қауырсындары түсінің кейбір тұқым қуалауы доминанттық 
эпистазға жақсы мысал бола алады. 
Тауықтардың əртүрлі тұқымдарында қауырсындарының ақ болу-
ын бірнеше ген анықтайды. Мысалы, доминанты ақ түсті (ақ лег-
горондарда) ССІІ гендері, ал рецессивті ақ түсті (ақ плимутроктар-
да) – ссіі гендері анықтайды. Сонда С гені пигменттің болуын, яғни 
қауырсынның боялуын, ал оның с аллелі пигменттің болмауын, 
соған сəйкес қауырсынның боялмауын анықтайды. І гені С генінің 
əсерін тежегіш болып есептеледі де, і аллелі оны тежей алмайды. 
Құстың генотипінде І генінің тіпті бір ғана дозасы болғанның өзінде 
де бояуды анықтайтын гендердің əсері байқалмайды. Ол төменгі 
сызбажобада көрсетілген.
Р ♀

ССІІ х ♂ ссіі
Ақ 
қауырсынды 
Ақ 
қауырсынды 
леггорндар 
плимутроктар 
Ғ
1
СсІі
Ақ қауырсындылар
Ғ
2
9/16 С-І- 
3/16С-іі 
3/16 ссІ- 
1/16ссіі
Ақ
Бояулы 
Ақ 
Ақ
қауырсынды қауырсынды қауырсынды қауырсынды
13:3
Яғни, Ғ
2
-де генотиптері С-І балапандардың түсі ақ болатын 
себебі І гені бояуды анықтайтын С генінің əсерін басып тастайды. 
Генотиптері ссІ балапандардың түсі ақ болатын себебі доминант-
ты эпистазды І гені бар бояуды анықтайтын екінші доминанттық 
С гені жоқ болғандықтан. Генотиптері ссіі балапандардың түсі 
ақ болу себебі де пигменттің түзілуіне қажетті доминантты С 
генінің жоқтығынан. Тек генотиптері С-іі балапандардың ғана 


112
қауырсындары боялған болады, себебі олардың генотиптерінде 
боялуды анықтайтын С гені бар, ал оның əсерін басып тастайтын 
доминантты ген І жоқ. Сондықтан тауықтың ақ қауырсынды екі 
тұқымдарын 
леггорндар
мен 
плимутроктарды
будандастырса, Ғ
1
будандары негізінде ақ түсті болады. Гибридтердің бірінші ұрпағын 
өзара будандастырса Ғ
2
-де ажырау 13 ақ : 3 боялған қатынасында 
анықталады.
Аллельді емес доминантты ген де фенотипке ингибиторлық 
əсер етуі мүмкіндігі қара жəне сұр түсті гүлі бар сұлы өсімдіктерді 
будандастырғанда, бірінші ұрпақта бірыңғай қара түсті гүлі бар 
сұлы өсімдіктері алынған. 
Оларды өзара будандастырғанда Ғ
2
-де өсімдіктердің 12/16-сы 
қара, 3/16-сы сұр жəне 1/16-сы
ақ гүлді болып ажырағанын көреміз 
(11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет