Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет126/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

230
61-есеп.
 Баланың əжесі мен атасында қан топтары  I топқа
ал нағашы атасының қаны IV топқа жатады. Баланың қанының 
тобының ІІ, ІІІ, ІV жəне I болуының ықтималдылығы қандай?
62-есеп.
 Қаны I топқа жататын ер адам, қаны II топқа жататын 
əйел адамға үйленеді. Əйелдің əкесінің қан тобы – I. Осы некеден 
туатын баланың  қаны I топ болуының ықтималдығы қандай?
63-есеп.
 Егер шешесінің қанының тобы А, əкесінің қанының тобы 
О болса, олардан қанының тобы В болатын бала туа ма? Жауабыңды 
түсіндір.
64-есеп.
 Кей адамдардың қанында антиген резусы оң (Rh+) 
домидантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Кейбір адамдардың 
қанында бұл антиген жоқ болғандықтан резусы теріс (rһ-) рецессивті 
белгі ретінде ұрпақтарына беріледі. Ата-анасының екеуінікі де (rһ-)
резусы теріс болса, ата-анасының біреуінікі резусы теріс (rһ-), 
екіншісінікі резусы оң (Rh+) болған жағдайда, осы некелерден туа-
тын балалардың қанының тобы қандай болуы мүмкін?
65-есеп.
 Көздері қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала бар. 
Олардың екеуінің көздері көк те, қан топтары I жəне IV, ал екеуінің 
көздері қара да, қан топтары II жəне Ш. Қара көзділікті аутосомдық 
доминантты белгі деп алсақ, осы отбасында қара көзді, I топты қаны 
бар баланың тууы мүмкін бе?
66-есеп.
 Пробанда – бала дальтоник, гемофилиямен ауырады, ре-
зусы теріс (rһ-), қан тобы I. Ата-анасы сау, көзі қалыпты көреді, резу-
сы оң (Rh+), қан тобы IV. Отбасының барлық мүшелерінің генотипін 
анықтаңдар.
67-есеп.
 Апалы-сіңлілі егіз қыздардың біреуінің қанының тобы 
III, азу тістері жоқ (шешесінен берілген), екіншісінің азу тістері бар, 
қанының тобы II. Ата-анасының қан тобы IV болған. Апалы-сіңлілі 
қыздар бір жұмыртқа арқылы егіздер ме немесе əртүрлі жұмыртқалы 
егіздерге жатама? Отбасының мүшелерінің генотипін анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет