66
Х = [М (N + 180
0
) ]/ 2.
(48)
Егер
Х
шамасы есептеу құрылғысының дəлдік шамасынан
асып кетсе, онда бұл қатені түзету мамандырылған
мекемелерде
іске асырылады;
3. Теодолиттің жазық осі теодолиттің айналу осіне перпен-
дикуляр болуы шарт. Тексеру,
10-20 м
қашықтыққа тіктеуіш
іліп қояды да, дүрбі окулярындағы жіп торының тік сызығы
дүрбіні жоғары, төмен қозғағанда тіктеуіш жібінен ауытқымауын
қадағалау арқылы іске асады. Бұл қате окуляр қорабының ішіндегі
түзеткіш бұрандалар арқылы қалыпты жағдайға келтіріледі.
§ 6.4 Жазық бұрыштарды теодолитпен өлшеу
Жазық бұрышты теодолитпен өлшеу үшін, оны өлшенбекші
бұрыштың төбесіне, дүрбі көзделетін екі нүктеге қадалар орнаты-
лады да, аспапты қалыпты жағдайға келтіреді. Теодолитті орнату
үш жауапты жұмыстардан тұрады.
Центрлеу
– теодолитті нүкте
үстіне дəл қою;
теодолитті қалыпты жағдайға келтіру
(аспапты
нивелирлеу депте атай береді); көздеу дүрбісінің
фокустық ара-
қашықтығын
ретке келтіру.
Теодолитті нүкте үстіне дəл қою (центрлеу)
дегеніміз –
аспаптың тік осі өлшенбекші бұрыш арқылы өтуін қадағалау.
Ол үшін теодолитті нүкте үстіне көз мөлшерімен орнатып,
үштағанның (штативтің) аяқтарын бекітеді де аспапты шта-
тивке бекітетін бұрандасын бұрау арқылы босатады.
Бұл кезде
үштағанның жоғарғы аспап орнататын алаңы жазық жағдайға
жобамен келіп тұруы керек. Аспаптың астына тіктеуіш іліп, оны
нүктенің тура ортасына дəлдейді. Теодолитті үштаған үстімен
жылжыта отырып, оның нүкте ортасына келуін қадағалайды.
Аспапты қалыпты жағдайға келтіру
деп аспапты үш
көтергіш бұрандалары арқылы, оның үстіне орнатылған цилин-
дрлік деңгейді пайдаланып жазық жағдайға келтіруді айтады.
Ол үшін, деңгейді көтергіш екі бұрандаға параллель қояды да,
оларды бір уақытта,
бір жаққа бұрай отырып, деңгей көпіршігінің
ортасына келтіреді. Əрі қарай алидаданы 90
0
бұрады да, үшінші
67
көтергіш бұрандамен деңгей көпіршігін ортасына келтіреді. Бұл
айтылған жұмысты, деңгей көпіршігі аспапты қай жаққа бұрсаң
да, ортасында қалатын жағдайға дейін жалғастырады.
Аспап дүрбісін қалыпты жағдайға келтіру дегеніміз – дүрбі
ішіндегі тор жіптері жəне бақыламақшы нүктенің (заттың) анық
көрініп тұруына қол жеткізу.
Жазық бұрышты қайталау əдісімен өлшеу
. Геодезиялық
тəжірибеде қайталау əдісі жиі қолданылады, сондықтан төменде
қайталау əдісінің мазмұны берілген.
Толық бір қайталау əдісі төмендегі ретпен іске асады:
1. Теодолитті бұрышты өлшенетін қосын үстіне қойып,
қалыпты жағдайға келтіру;
2. Есеп алу құрылғысында лимб пен алидаданы үйлестіру
арқылы бұрыш мəнін 0 градус шамасына жақын қоямыз;
3.
Алидаданы бекітіп, лимбті қозғау арқылы дүрбіні соңғы
белгіге
(А)
бағыттау жəне де
а
1
-есебін алу (есеп нəтижелерін
1-кестеге ретімен уақытылы жазып отырады);
4. Алидаданы босатып, сағат тілінің бағытымен дүрбіні бұру
арқылы алдыңғы белгіге
(В)
бағыттау жəне
а
2
– есебін алу;
5. Дүрбіні өз өсінен зенит арқылы аударып алып, лимбті боса-
ту арқылы соңғы белгіге
(А)
бағыттау (бұл жолы есеп алынбайды);
6.
Лимбті бекітіп, алидаданы босату арқылы, сағат тілінің
бағытына қарсы бұрып, алдыңғы белгіге
(В)
бағыттау жəне
а
3
–
есебін алу;
Істелген жұмыстар нəтижесінде жүріс бағытымен сол жақтағы
өлшенген бұрыштың мөлшері төмендегі формуламен есептеледі:
3
1
2
a
a
β
−
=
, (49)
Тексеру үшін мына формуланы пайдаланады:
b
текс
= а
2
– а
1
, (50)
b,
b
текс
– айырмашылығы тірек торларының бұрыштары
үшін 45
//
; 1-разрядты торлар үшін 60
//
; 2 разрядты торлар
үшін 90
//
.