39
жəне олардың сантиметрлік бөліктері болады. Соңғы дециметрлік
бөліктері миллиметрге бөлінген.
РТ-10 типтес
тесмянды таспалар
ТМД елдерінде 11900-97
ГОСТ талаптарына сай жасалады. Бұл таспалар қаныққан,
ішінде
металл жіптері бар материалдан жасалады, пластмасса қорабы,
ұстағышы, бұрап ішіне орайтын сабы болады. Таспаның 10
метрлік, сантиметрлік бөліктері бар.
Ұзындық өлшемес бұрын, кез келген ұзындық өлшегіш
жабдық (аспап) тексеруден өтеді, яғни үлгілік
данасымен салыс-
тырып, оның нақтылы ұзындығын анықтап, тексеру керек. Осы
тексерісті
компарирлеу (компараторда тексеру)
немесе
эталон-
дау (эталонмен салыстыру)
деп аталады.
Ұзындығы 20
м
болат таспаларды көбінесе далалық компара-
торда тексереді. Компараторды тегіс, ашық, ұзындығы 120 немесе
240 м (таспаның нақтылы ұзындығынан аз болмауы керек) жерге
орнатады. Компаратордың шеттерін
ортасында металл стержені
бар бетонды белгілермен бекітеді. Стерженнің жоғарғы жағы
сфералық бет сияқты жасалады, ортасына крест сияқты сызық
салынып, белгінің центрін көрсетеді. Далалық компартордың
ұзындығын екі инварлы өлшегіш сыммен екі бағытта (тура, кері)
бірнеше рет өлшеу арқылы анықтайды. Компаратордың ұзындығы
1:200 000 қатынасындай шамадан көп емес қатемен анықталады.
Ұзындық өлшегіш аспаптарды далалық
компараторда құрылыс
алаңында қандай керумен тартылса, сол керумен төрт рет өлшеу
(екі рет тура жəне екі рет кері өлшеу) арқылы тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: