Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59



Pdf көрінісі
бет53/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

Бақылау сұрақтары:
1. Нивелирлеудің қандай түрлерін білесіз?
2. Геометриялық нивелирлеу мен тригонометриялық нивелирлеудің 
айырмашылығы неде?
3. Аспап деңгейі деген не?
4. Биіктік белгілерінің қандай түрлерін білесіз?
5. Аралық нүктелерде қанша есеп алынады?
6. Дөңгелек денгей не үшін керек?
7. Гидростатикалық нивелирлеу дегеніміз не?
8. Шектік қате дегеніміз не?
9. Рейканы қалай тексерледі?
10. Алға жəне ортадан нивелирлеудің айырмашылығы неде?


123
ЕКІНШІ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
IX тарау 
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ САЛУДАҒЫ 
ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
§ 9.1 Гидротехникалық құрылыстар жəне ғимараттарды 
салудағы қадалау жұмыстары
Салынбақшы құрылыстың негізгі осьтерін жер бетіне 
түсіру геодезиялық қосындардың құрылыс маңында орналасу 
жағдайларына байланысты келесі əдістердің бірімен атқарылады.
Триангуляция.
 
Бұл əдісте құрылыс маңында қарапайым 
триа 
н 
гуляция жүйелері арқылы нүктелердің координаталары 
анықталып, құрылыс осьтерін қадалау атқарылады, олар: үшбұ-
рыштар тізбегі, геодезиялық төртбұрыштар, орталық жүйе, т.т. 
Үшбұрыштардың пішіні тең бүйірлі үшбұрышқа жақын, ал 
жалғастырушы бұрыштары 30
0
кем, 120
0
артық болмағаны дұрыс.
Бас геодезиялық негіз үшбұрышының бір қабырғасына 
түйістірілген аспалы тізбек үшбұрыштарының саны екіден аспа-
уы керек.
Үшбұрыш тізбектеріндегі əр үшбұрыштың барлық бұрыштары 
өлшенеді.
Полигонометриялық немесе теодолиттік жүрістері
белгілі 
əдістердің бірін қолдануға болмайтын жағдайда немесе құрылыс 
осі бір-біріне жақын көп бұрылысты болған жағдайда іске асады. 
Бұл əдісте құрылыс осін жер бетіне түсіру үшін, ұзындықтар мен 
бұрыштарды алдын ала есептеп алу керек.
Теодолиттік жəне полигонометриялық жүрістердің екі соңғы 
нүктелрі Бас геодезиялық негіз қосындарына тірелулері керек.
Айтылған екі əдіс келесі ретпен орындалады: бір-біріне жақын 
орналасқан триангуляция немесе полигонометрия нүктелері ко-
ординаталары жəне жобалық трассаның немесе құрылыстың 
бас нүктелерінің координаталары арасында кері геодезиялық 


124
есепті шығарады. Əрине, мұнда жобалық жəне геодезиялық негіз 
координаталары бір жүйеде есептелген болулары керек. Кері 
геодезиялық есепті шығару нəтижесінде, геодезист негіздеу қосын 
нүктесіндегі бұрышты жəне жобалық түйінге, осьтік немесе басқа 
да құрылыстың негізгі нүктелеріне дейінгі арақашықтықтарды 
табады. Осындай бірнеше нүктелерді жер бетінде тауып, осы 
нүктелерді пайдалана отырып геодезист, құрылыстың негізгі 
жəне де басқа да қосалқы нүктелерін жер бетінде қадалайды да, 
құрылыс салу үшін керекті жобалық берілімдерін анықтайды.
Биіктік шамаларды анықтауда да, осындай жұмыстар атқа-
рылады. Құрылыстың жобалық биіктік шамаларын геоде зиялық 
негіздермен бір жүйеде біле отырып, геодезиялық негіз биіктік 
шамасымен жəне құрылыс осінің арасындағы өсімшені есептейді, 
əрі қарай нивелирмен құрылыстың жобалық биіктік шамасын жер 
бетіне береді.
Құрама қиылыстыру
. Бұл əдісте, анықталмақшы ось нүкте-
сінен немесе бекеттен бас геодезиялық негіздің үш қосыны ғана 
көрінеді. Бұл жағдайда анықталмақшы нүктеден бақылаудан 
басқа, ось нүктелерін бас геодезиялық негіз қосындарының 
бірінен бақылауға тура келеді.
Кері бақылау
. Құрылыс осінің нүктесі бас геодезиялық не-
гіздің кем дегенде төрт қосынынан көрініп тұрған жағдайда 
кері геодезиялық бақылау қолданылады. Осьтің анықталмақшы 
нүктесі, бас геодезиялық негіздің кез келген анықталмақшы 
нүктені бақылау үшін керекті үш қосынын басып өтетін шеңберге 
жақын болмағаны дұрыс.
Тура бақылау
. Құрылым осінің бас геодезиялық негіздің 
кем дегенде үш қосыны көрініп тұрған жағдайда тура бақылау 
əдісі қолданылады. Көрші бағыттар арасындағы өлшенбекші 
бұрыштардың шамасы 120

көп, 30
0
аз болмауы керек. Анық-
талмақшы нүктеге бағытталған сызықтардың дирекци ондық 
бұрыштары жəне ұзындықтары кері геодезиялық есептен та-
былады, сонымен бірге жер бетіне түсірілетін бұрыштары да 
анықталады.
Полярлық əдіс
. Жер бетіне түсірілмекші, құрылысқа тəн нүкте 
бас геодезиялық негіз қосынына жақын маңда орналасқан, анық 
көрініп тұрған жəне де ұзындық өлшемін жүргізу мүмкіндігі 
жоғары жағдайда пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет