126
Геодезиялық негіз қосынынан ось нүктесіне дейінгі арақа-
шықтықты, бас геодезиялық қосындар бағыттары арасындағы
жəне жер бетіне түсірілмекші құрылыс осінің нүктесі арасындағы
бұрыштарды есептеп алады.
Бас геодезиялық негіз қосындары аралары арасында ұзын-
дық өлшемдерін жүргізу əдісі
. Бұл əдіс, құрылыс осі триан-
гуляция немесе полигонометрия қабырғаларын қиып өткен
жағдайда қолданылады. Əр қосыннан қиылысу нүктелеріне де-
йінгі арақашықтықтарды жəне қиылысу нүктесіндегі
негіз қабыр-
ғалары, құрылыс осі арасындағы бұрыштарды, есептеп алады.
Нəтижесінде, құрылыс осін жер бетіне түсіру жобасын
жасаудың жұмыс сызбасын (сұлбасын) жасайды, мұнда жоба-
лық берілімдермен қатар, геодезиялық негіз қосындарынан
ось нүктелерінің орнын анықтайтын барлық ұзындықтар мен
бұрыштар көрсетіледі. Барлық
ұзындықтар жазық жағдайға
келтірілген шамасында беріледі.
Типтік құрылыс осін жер бетіне түсіру жұмыс сызбасы 62-су-
ретте келтірілген.
§ 9.2 Жер бетін көтеру (биіктету), плотина салу
кездеріндегі геодезиялық жұмыстар
Жер бетінде қандай жұмыстар істелетіндігіне байланысты,
бұл жұмыстар бірнеше түрге бөлінеді: ирригациондық, ме-
лио
ративтік, жол салу, т.т. Жер бетіндегі көтеру жұмыстары
уақытша
жəне
тұрақты
болып бөлінеді.
Жер бетіндегі көтеру
жұмыстарының нəтижесі көп уақыт пайдалануда болатын болса,
онда оны (жер бетін көтеру, яғни плотина салу, тоғандар жəне
басқалары) тұрақты деп атайды. Уақытша құрылымдарға, мыса-
лы, құрылысты салу кезінде оны жер асты жəне ақпа сулардан
сақтау (қазан шұңқырлар,
плотиналар, шлюздер, бөгемелер, т.т.)
кездерінде салынатын құрылыстар жатады.
Жерлік құрылыстар
сызықтық, созылмалы (жол қатпары,
тоғандар, жармалар жəне басқалар) жəне арнаулы (ғимарат салы-
натын қазан шұңқырлар, бассейндер, т.т.) болып бөлінеді.
Жерлік жұмыстар кезінде созылмалы жер қазу, үймелер жасау,
алаңдарды тегістеу, жармаларды жəне
фундамент жанын толтыру,
үйілген топырақты тығыздап таптау болып келеді.
127
Қазіргі кезде осы жұмыстарды механикаландыру өте жылдам
дамып келетіндіктен, бұл нысандарда геодезиялық жұмыстар-
ды күнделікті атқарып отыру қажеттілігі туып отыр. Алдымен
құрылыс салынбақшы тұстың жерлік жұмыстарының нобайы
анықталады да, жер қазу техникалық машиналарының көмегімен
жобада көрсетілген
берілімдерді сақтай отырып, геодезияшы
маманның бағыттауымен (қадаланған құрылыс осінен, жұмыстық
реперлерінен) жазық жəне тік жазықтықтарда қазады немесе
үйеді. Жобалық құрылыс нобайын жер бетіне түсіру алдын ала,
уақытша белгілермен (қазықшалармен) геодезиялық əдістермен
атқарылады да, құрылыс салу барысында жойылып отырылады.
Жерлік жұмыстардың жобалық құрылыс нобайын алдын ала
жер бетіне түсіру
шектік шамаларын, тек қана қазылған қазан-
шұңқырдың түбін, қабырғаларын, үйілген жəне қазылған топы-
рақтың кемерлерін тазалап, геометриялық пішіндерін тексеріп
болғаннан кейін анықтайды.
Жерлік жұмыстардың жобалық құрылыс нобайын жер бетіне
түсіру, арнаулы жобалық (қадалау)
сызбалары арқылы немесе
жобалық нүктелерді геодезиялық негіздерге байланыстырғаннан
кейін аналитикалық берілімдер арқылы немесе құрылыстың
негізгі осіне байланыстырылған берілімдерді пайдалана отырып
атқарады. Жобалық сызбаларда жер бетіне құрылыстың ноба-
йын түсіру жəне осьтерін бекіту үшін керекті барлық берілім дер
құрылыс түріне байланысты көрсетіледі. Жер бетіне құрылыс-
тың нобайын түсіру жəне осьтерін бекіту əдістері салынбақшы
құрылыстың түріне, не үшін керектігіне
байланысты таңдалып
алынады.
Достарыңызбен бөлісу: