131
келтірілген əдістермен, амалдармен, аспалы желіге (обноскаға)
белгіленеді. Аспалы желі дегеніміз –
құрылымның сырт жақта-
рына қағылатын бөрене мен тақтайлардан тұратын (66-сурет)
желі тəріздес жабдықты айтады.
Жер бетіне құрылымның осін шығарғаннан кейін, осы осьтен
3 - 4 м жерге параллель сызықтарды жүргізеді. Осы сызықтардың
үстінен 3 - 4 м сайын, ағаш бөренелерді орнататын белгі салады.
66-сурет
. Траншея типтес шұңқырдың жобалық нобайын жер бетіне
түсіру тəсімі
Ұзындығы 3-4 м, жуандығы 15-20 см ағаш бөренелерді қатал
түрде желі сызығының үстімен, 1,00-1,25 м тереңдікке орнатады.
Бөренелердің ішкі жағына кесілген, қалыңдығы 40-50 мм тақтай
қағады. Қағылған тақтайдың үстіңгі
жағы жазық жазықтықта
болуы керек. Осы орнатылған желінің үстіне салынбақшы
құрылымның (шұңқыр траншеяның) осі салынады да, одан
шұңқырдың қырлары өлшеніп белгіленеді.
67-сурет.
Траншеялық шұңқыр табанының биіктік шамаларын
анықтау тəсімі
132
Жер
бетінде тіктеуіштің көмегімен, қазықшалармен
1 – 1
жəне
А – А
осьтері бекітіледі (67-сурет). Осьтің оң жəне сол
жағынан, шұңқырдың жарты еніне тең арақашықтықты өлшеп
алады да, оларды қазықшалармен бекітіп белгілейді.
a, b
жəне
a
1
b
1
қазықшалары арасына шұңқырдың қырларын көрсетіп тұратын
жіп (шнур) тартып қояды.
Шұңқыр табанын тазалауды нивелирлеу əдістерін
пайдалана
отырып атқарады. Нивелирлік рейкаларды шұңқырдың əр осьтері
қиылысқан тұстарға орнатады, бірақ нивелирленетін нүктелер-
дің аралары 4 – 5 м кем болмағаны дұрыс. Терең шұңқырларда
рейка
ұзындығы бойламайды, сондықтан рейкаға ұзындығы бел-
гілі қондырғы үстіне қояды немесе рейкаға тұрақты ұзындық ты
қолдан жасалған тақтай-рейка жалғап жұмысты атқарады. Тран-
шеялық шұңқырдың пландық орналасу жағдайын,
тартылған сым
осьтеріне ілінген тіктеуіш араларын өлшеу арқылы іске асады.
2.1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: