Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


-сурет . Триангуляциялық торлардың түрлері 1 – базистер; 2 – аралдар 77-сурет



Pdf көрінісі
бет65/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

76-сурет
. Триангуляциялық торлардың түрлері
1 – базистер; 2 – аралдар
77-сурет
. Тіреу ортасын тура қиылыстыру əдісімен қадалау
Базистік нүктелердің арақашықтығын өлшеу базис арқылы 
анықталмақшы арақашықтықтан дəлдігі 2 есе жоғары болуы 
керек. Триангуляция белгілерін үлкен емес, биіктігі 4-6 м ағаш 


148
немесе темір пирамидалар түрінде орнатады. Белгінің ортасы 
(центрі) ретінде рельс немесе құбырдың кесіндісін тереңдігі 2,0-
2,5 м жерге көміп қолданса болғаны.
Қарапайым триангуляциялық торларды құруда (қабырға 
ла-
рының ұзындығы 1,5 км артық емес), оның бұрыштық өлшеулерін 
ғана теңдейді, ал үлкен көпірлерді салуда триангуляциялық 
торларды ең кіші квадраттар əдісімен теңдейді.
78-сурет
. Көпірдердің айналмалы тұстарын қадалау тəсімі


149
Жоғарыда айтылғандай көпірлік өтудің айтулы нүктелері 
болып, тіреулердің ортасы саналады. Тіреулердің ортасын тура 
қиылыстыру əдісімен көпірлік триангуляцияның екі қосынынан 
бастап қадалайды.
Осы əдістің мысалын қарастырайық (78-сурет). Тіреулердің 
ортасын қадалау үшін, белгілі 
ОА, ОВ, ОС
ұзындықтары жəне 
γ
1

γ
2
бұрыштары арқылы аналитикалық жолмен 
ά
1
ά
2
бұрыштарын 
есептейді де, теодолитпен 
А
жəне 
В
нүктелерінен қарай оты-
рып, осы бағыттардың қиылысқан 
С
нүктесін табады. Сонымен 
бірге 
О
нүктесінен теодолитпен 
С
нүктесі көпір осінің бойында 
орналасқанына көз жеткізеді. Тіреу осьтерінің бар қатарда жатпау 
алшақтығы 1,5 см аспауы керек.
Осы əдіспен табылған тіреу ортасын қарсы бетте 
D
2
, D
1
бақылау белгілерімен бекітеді. Егер тіреу өзен ортасында 
болса, арнаулы құрылыммен немесе жүзбелі белгімен (буикпен) 
бекітеді. Бұл уақытша белгілер қоршау қалқандарды қағу, немесе 
уақытша аралдарды топырақ, тас төгіп көтеруде бағдар ретінде 
қолданылады. Тіреудің нақтылы орнын анықтау, дайындық 
жұмыстары біткеннен кейін атқарылады.
Трассаның бұрылмалы тұстарында тіреулердің ортасын жəне 
осьтерін келесі əдістердің бірімен атқарады: көпірдің жаппа 
(пролеты) үштен артық болмаса – көпбұрыш əдісімен (78 а-сурет) 
немесе тангенс сызығынан (78 ə-сурет); жаппа саны көп болғанда 
– тартылған хорда əдісімен (78 б-сурет) немесе полярлық əдіспен 
(78 в-сурет); күрделі жағдайда триангуляция қосындардан 
қиылыстыру əдісімен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет