75-сурет
. Қиылыстыру əдісі
145
биіктік реперлердің жəне осьтік белгілердің шамалары берілген
журналды (ведомості) қоса тапсырады.
Жақын маңдағы бекітілген геодезиялық белгілер салынбақ-
шы құрылыстың осі бойында, бірақ құрылыс салынбақшы аудан-
ның сыртында орналастырылады. Көпірдің бұрылу тұсындағы
белгілер, тартылған (созылған) хорда немесе тангенстер сызығы
бойында орналасады.
Құрылыс салу кезінде келесі геодезиялық жұмыстар атқары-
лады:
1) өту жолының ұзындығын тексере отырып анықтау – құры -
лымның осін бекіткен бастапқы қосындар арасындағы қашық-
тықты өлшеу;
2) тіреулердің орнын қадалау жəне бекіту;
3) реттеуші құрылымдардың осьтерін қадалау жəне бекіту;
4) құрылыс салу кезінде олардың осьтерін қадалау, бекіту
жəне құрылым салудың биіктік шамаларын, элементтерін қадалау,
тексеріп отыру;
5) құрылыс салынып жатқан жақын маңда қосымша топо-
графиялық түсіріс жүргізу, уақытша соқпақтарды, автожолдар-
ды жəне уақытша ғимараттарды қадалау, яғни орындарын анық-
тау, т.т.
Барлық істелген геодезиялық жұмыстар кезекші журналға
түсіріліп отырылады да, мұнда көрсетілетін істер: қадалау жұмыс-
тарының маңызы, қадалау тəсімі, ол қалай атқарылды, бастапқы
берілімдер алуда қандай құрылыс сызбасы қолданылды, байла-
ныстары; жұмысты атқарған жəне қабылдаған мамандардың аты,
жөні жəне олардың қол қойған уақыты қоса көрсетіледі.
§10.5 Үлкен көпірлерді салудағы қадалау жұмыстары
Құрылымды қадалау, немесе жобаны жер бетіне түсіру
дегеніміз – салынбақшы құрылыстың айтулы (характерные)
тұстарын, нүктелерін, пландық жəне биіктік шамаларын жоба
берілімдеріне сай жер бетіне түсіріп, белгілеудегі геодезиялық
жұмыстарды атайды. Жобаны жер бетіне түсірудегі, оның гео-
метриялық негізі болып, қадалау осьтері саналады. Осы ось-
тер арқылы құрылыстың барлық бөліктерінің орналасу жағдай-
лары, өлшемдері салыстырмалы түрде жобалық сызбаларда
беріледі.
10–589
146
Көпірлік өтудің айтулы нүктелері болып, тіреулердің ортасы
саналады. Құрылымы қарапайым көпірді салуда, геодезиялық
байланыс торларына қатал талаптар қойылмайды. Бұл жағдайда,
бұрынғы құрылыс алаңын топографиялық түсіру жəне мұндағы
ізденіс жұмыстары кезіндегі құрылған тірек торлары қолданы-
лады.
Жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру жұмыстары жоғарыда
айтылған əдістермен, кəдімгі геодезиялық аспаптармен атқа ры-
лады. Көпір құрғақ жерде орналасса, онда көпірлік өтудің ұзын-
дығын жəне көпірдің ұзынабойлық тіреулер осьтерін бастапқы
геодезиялық белгілерден бастап қадалайды. Теодолитпен көпірдің
осін бағыттап көрсете отырып, ұзындығын болат таспамен, кем
дегенде екі рет өлшейді де, температураға, компараторда тексеру
түзетулерін енгізіп, көлбеулікті есепке алып, ұзындығын дəл
табады. Тіреулердің ортасын (центрін) жағалаудағы бастапқы
геодезиялық белгілерден көпірдің осінде орналасқан тіреулердің
ортасына арақашықтықтарды салу арқылы ауыстырады. Осьтерді
тіреудің əр жақтарында ұзынабойлық жəне көлденең осьтері
бағытында қатар бағаналармен немесе құрамалармен (сваимен)
бекітеді.
Егер көпірдің ұзындығын тікелей таспамен өлшеу жəне
тіреулердің осьтерін қадалау мүмкін болмаса, онда геодезиялық
жұмыстар триангуляция əдісімен іске асады. Көпірлік триан-
гуляция, көпір салынатын жергілікті жердің, өзеннің еніне
жəне жобаланған шектік шамалардың шарттарына байланысты
əртүрлі пішінде болуы мүмкін. Іс жүзінде көпірлерді салуда
геодезиялық төртбұрыш (76-сурет) немесе басқа да пішіндер əдісі
қолданылады.
Cтандарттық нормалар жəне мүмкіндіктер (СНиП) талап-
тарына сай, триангуляциялық торларды құруда келесі шарттарды
орындау керек:
1) үшбұрыштардың ішкі бұрыштары 30
0
кем, 120
0
артық, ал
төртбұрыштарда 25
0
кем болмауы керек;
2) көпірдің осін бекітуде, əр жағада жалпы торға бірден кем
емес бастапқы геодезиялық қосын кіруі керек;
3) жалпы торға барлық қосындар кіреді, себебі бұл қосын-
дардан көпірдің жəне тіреулердің осьтері қиылыстыру əдісімен
қадаланады, сонымен бірге осы қосындардан құрылыс кезінде
осьтердің орналасу жағдайларын тексеріп отыру үшін керек;
147
4) қиылыстыру əдісі кезіндегі бағыттар арасындағы бұрыштар
30
0
кем, 150
0
артық болмауы керек, ал қиылыстыру ұзындығы
(аспаппен тіреу ортасындағы нүктеге дейінгі арақашықтық) келесі
шамадан аспағаны жөн:
есеп алу дəлдігі 30
//
теодолитпен қадалау кезінде – 100 м;
есеп алу дəлдігі 10
//
теодолитпен қадалау кезінде – 300 м;
есеп алу дəлдігі 1
//
теодолитпен қадалау кезінде – 1000 м.
Базистерді жер бетінің көлбеулігі 1% артық емес ашық, тегіс
жерде қадалайды, ал оның ұзындығы анықталмақшы қашық-
тықтың 0,5 шамасынан кем болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |