143
Егер тіреу аралары үлкен болса, онда су үстіндегі таяныш-
тар тіреулердің маңында ғана орнатылады. Таянышты орната-
тын тұсты, ұзын таяқты су түбіне тығу арқылы анықтайды. Бұл
таяқтың орнын анықтау үшін, өзеннің жағасында ұзындығы
тіреуге дейінгі арақашықтықтың 2/3-дей
АВ
базисін қадалау
арқылы анықтайды (73-сурет).
Базистің көпір осіне перпендикуляр болғаны дұрыс жəне
оны трассаның бекеттік нүктелеріне байланыстырады. Ұзын-
дығын тиянақты (екі өлшемнен аз емес) өлшеп алып,
А
жəне
В
нүктелеріндегі
С
нүктесіне қарап, тіреу жəне көпір осьтерінің
қиылысқан жеріндегі
α
жəне
β
бұрыштарын қиылыстыру əдісімен
өлшеп есептейді. Жағада көпірдің осі бағытымен екіден кем емес
қазықтарды орнатып, геодезияшы маман қайыққа отырып, ось
бойымен қағылған екі жағадағы қазықтар бағытымен қолына
ұзын қазық ұстап жылжиды.
Біруақытта базистің
А
нүктесіне орнатылған теодолитпен
α
бұрышын көздеп, жағадан белгі беру арқылы ось бойында нүктені
белгілейді де, ұзын қазықты өзен түбіне қағып бекітеді. Содан ке-
йін барып, тіреулер айналасында желі орнатылып, тіреудің құры-
лымы (сваи) жоғарыда айтыл-
ғандай қадаланады.
Көп сулы үлкен өзендерде
жүзбелі копер қолдану кезінде
тіреу құрылымдарын қадалау,
оны қағу процесінде іске
асады, оның үстіне мұнда қатар
нүктелер немесе қиылыстыру
əдістері қолдануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: