171
XII тарау
АЭРОДРОМДАРДЫ САЛУДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
§12.1 Құрылымдарды пландық жəне биіктік қадалау
жұмыстары
Іс жүзінде аэродромдардың орнын топографиялық ізденіс
жұмыстары 1:500 масштабта жүргізеді, ал геодезиялық негіздерін
1:2000 жəне 1:500 масштабтардағы
топографиялық планын құру
үшін, полигонометрия немесе аналитикалық торлар құра отырып
іске асырады. Орманды жерлерде пландық геодезиялық негіздерді
полигонометриялық жүрістер, ал ашық тұстарда микротриангуля-
ция торлары немесе геодезиялық бақылау əдістері арқылы құрады.
93-сурет
. Полигонометрия
94-сурет
. Микротриангуляция
Геодезиялық негіз қосындарын
негізгі құрылым маңында ор-
наластырады да, (ұшу-қону жолақтары, ұшақтар тұратын орын-
дар, құрылыс шоғырланған аймақтар) қабырғалары 400
метрлік
торлармен түйістіреді.
Полигонометрия тұйықталған жүрістермен құрылады (93-су-
рет). Қабырғаларын жарық өлшегіштерімен немесе аспалы өл-
шегіш жабдықтармен өлшейді. Микротриангуляция қабыр
ға-
ларының ұзындықтары 400-800 м болып келеді.
Созылмалы
алаңдарда тор құру тəсімі 94-суретте көрсетілген.
172
Тор ішінде төрт қабырғасын (базистері) 1: 50 000 қателікпен
өлшейді, қабырғалар арасында кейбір бөліктерін теңдейді.
Биіктік негіздері аэродромдар салуда маңызды рөл атқарады.
Сондықтан биіктік негіздерін құруда, өлшеулер жүргізуде өте
мұқият болған дұрыс. Тік
жазықтықта тегістеу жұмыстары,
нивелирлеу кезінде биіктіктері анықталған нүктелер арқылы
жүргізіледі жəне де осы нүктелер арқылы тегістеу жұмыстарының
(қазу, үю, ысыру) көлемі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: