Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§12.5 Ұшу алаңының осьтерін қадалау жəне бекіту



Pdf көрінісі
бет82/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

175
§12.5 Ұшу алаңының осьтерін қадалау жəне бекіту
Жер бетінде аэропорт құрылымдарын қадалау, келесі жұмыс 
істеу жобасының құжаттары негізінде жасалады:
1) аэропорттың Бас жоспарының 1:200 масштабтағы планы;
2) ұшу алаңының 1:500 масштабтағы қадалау сызбасы;
3) 1:2000 масштабтағы тік жазықтықта тегістеу жобасының 
сызбасы, есептеулері;
4) жер асты коммуникацияларының пландарымен ұзына-
бойлық профильдері;
5) əр құрылымның, түйісулердің, бекеттердің жұмыс істеу 
сызбалары.
Қадалау алдында алаңдағы жəне оның маңындағы барлық 
геодезиялық тор қосындарын тексереді де, олардың бұзылғаны, 
жойылғаны болса тексеріп қалпына келтіреді.
96-сурет
. Ұшу алаңының негізгі осьтерін қадалау
Егер бекеттік тор, ізденіс жұмыстары кезінде бекітілмеген не-
месе сақталмаған болса, онда бекеттік торды қалпына келтіріп, 
бекітеді де, ұшу алаңының барлық «қара» биіктіктерін тексереді.
Құрылымның негізгі нүктелерін, осьтерін қадалауда қолда-
нылатын қосындардың координаталары тексеріледі.


176
Далалық тексерулермен бірге, жобалық аналитикалық бе-
рілімдерде қайта тексеруден өтеді.
Аэродромның жобасын жер бетіне түсіру, ұшу алаңының 
барлық құрылымдарына негіз болатын ұшу-қону алаңының 
ұзына 
бойлық осьтерін қадалаудан бастайды. Қадалауды геоде-
зиялық негіз қосындарынан бастайды.
Полярлық координаталары арқылы жақын маңдағы қосын-
дардан ұшу алаңының басталу жəне аяқталу нүктелерін тауып, 
бекітіп, осы нүктелер арасында бекеттік нүктелерді қадалайды 
(96-сурет).
Бұл жұмысты дəлдігі 30
//
кем емес теодолитпен, компараторда 
тексерілген болат таспамен немесе шектік қатесі 1:2000 оптика-
лық қашықтық өлшегішпен атқарады.
§12.6 Ұшу алаңын тік жазықтықта тегістеу кезіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет