177
97-сурет
. Шаршылар əдісімен қадалау тəсімі
3. Үйменің айтулы тұстарына көздегіш қағып қояды, мұнда
көздегіштің жоғарғы жиегі үюдің биіктік шамасына дəл келуі
керек.
Алаңның беті жобалық биіктіктеріне 10-20 см қалғанша жер
бетін
жобамен ысырып, үйіп, шұңқырларды тазалап, үймелерді
тегістеп болғаннан кейін нақтылы тегістеу үшін шаршы төбеле-
рін қадалауға кіріседі.
Мұнда шаршылар төбесіне қағылған қазықтар жобалық биік-
тіктерге дəл биіктікте бекітіледі де,
нивелирмен тексеріліп қызыл
биіктіктер шамасы тұсына белгі салынады.
Ұшу алаңын соңғы рет дəл тегістеу үшін, биіктік нүктелері-
нің шаршы торын 10х10 м дейін төмендетеді. Тегістеу жұмысы
біткеннен кейін, 40х40 м шаршы торы арқылы орындалған жұ-
мысты нивелирлеумен түсіріп (исполнительная съемка), оның тік
жазықтықта орындау сызбасы жасалады.
12–589
178
Орындау түсірісі 1:2000 масштабта 40х40 м шаршы торлары
арқылы атқарылады.
Сызбада жобалық қызыл, нақтылы қара
биіктіктерді жəне олардан ауытқу шамалары көрсетіледі (ауытқу
шамасы ±4 см аспауы керек).
Ұшу алаңы ұсақ толқымалы төмен, жоғары болмай, сыртқа
шығыңқы төбешіксіз тегіс болуы керек.
Ұшу-қону жолақтары 0,006 – 0,08 ‰ промилді көлбеулікті, екі
табанды профильді болып келеді.
Жолақтардың жиектерінде
жауын суы ағатын науа, су қабыл-
дайтын құдықтар салынады. Тұрақ жəне бұрылу жолдары бір
табанды көлбеулікте салынуы мүмкін.
Ұшу жолағы жəне бұрылу жолдары цементті-бетонды плита
қабаттарынан тұрады. Бұл қабаттарды құм төсеніштің үстіне
жеке шаршылап жасалған ағаш ыдыстың ішіне құяды. Бетондау
жұмысының алдында жолақтың
ұзынабойлық осін қалпына
келтіріп, тексеріп нивелирлейді (98-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: