Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 13.2 Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы шектік



Pdf көрінісі
бет86/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

184
§ 13.2 Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы шектік
шамалардың классификациялары
Құрылыс нормаларында жəне ережелерінде ғимарат жəне 
құрылымдардың, құрылыс заттарының, бөлшектерінің жəне жаб-
дықтарының элементтерін дайындаудың дəлдік кластары бола-
ды жəне олардың өлшемдерін белгілеу реті қалыптасқан. Оны 
жалпыға бірдей модульдік жүйе
(ЕМС) дейді. ЕМС бойынша 
ғимараттар мен құрылымдардың негізгі өлшемдері модульге 
сай, бүтін сан болуы керек, 
М 
= 100 
м.
Осыны ескере отырып, 
ғимараттардың қадалау осьтерінің арасы модульге 
М 
= 200 
м
, ал 
құрылымдар үшін 
М 
= 100 
м
бүтін сан болулары керек.
Модульдік жүйеде конструкциялар жəне қадалау осьтерінің 
өлшемдері туралы əртүрлі түсініктер қалыптасқан. Айталық, 
егер модульдік жүйе бойынша конструкциялық элементтері- 
нің шартты қырлары арасындағы жобалық өлшемдері немесе 
ғимараттардың, құрылымдардың қадалау осьтерінің жобалық 
өлшемдері беріл се, онда ес ептеу өлшемдері 
жобалық
, немесе 
номиналды
деп аталады.
Бірақ құрылыс конструкцияларын дайындау, жобалық орын-
дарына тұрғызу, сонымен бірге жер бетіне құрылыстық жəне 
монтаждық осьтерін қадалау кездерінде ауытқуларға жол берілген 
болса, онда номинальды өлшемдер жобалық өлшемдермен дəл 
келмейді немесе оны таба алмайсыз. Сондықтан модульдік 
жүйеде 
нағыз өлшем туралы
түсінік енгізілген.
Нағыз (фактический) өлшем жобалық өлшемнен үлкен жағына 
да (плюстік ауытқу), кіші жағына да (минустық ауытқу) ауытқуы 
мүмкін. Ал бұл ауытқулар құрылыс-монтаждау өндірісінің са-
пасына əсер етпеуі керек, яғни ретке келтірілуі (нормированы) 
керек. Ол үшін ең үлкен жəне ең кіші ауытқулар арасындағы 
шектік шама (допуск) деп аталатын шектік зонаны бекітеді жəне 
|∆±| белгіленеді. Оң шектік шама əсерінен құрылыс элемент-
терінің арасы үлкейеді де, теріс мəнді шектік шама əсерінен 
кішірейеді. Шектік шаманың табиғатын 99-суретте берілген 
тəсімінен түсінуге болады.
99 а-суретте құрылыс бөлшегінің мүмкін болатын нақтылы 
өлшемдері көрсетілген: 
l
max
– құрылыс бөлшегі 
+D
шекті шамадан 
үлкен жасалған, бірақ нормалық шамадан артық емес; 
l
min
құры-


185
лыс бөлегі 
D
шамаға қысқа жасалған, бірақ қолдануға болады. 
Яғни, шектік зона тең болады,
| ∆± | = 
l
max
 - l
min
.
Осындай жағдайды (99 ə-сурет) ғимараттардың 
1-1
жəне 
2-2
көлденең осьтерінің арасындағы негізгі осьтерін геодезиялық 
қадалау кезінде байқауға болады. 100-суретте жалғасу қалыңды-
ғын сипаттайтын екі құрама элементтердің түйісуі көрсетілген: 
S
max
– максималды (ең үлкен) қалыңдық; 
S
min 
– минималды (ең кіші) 
қалыңдық. Оң мəнді шектік шамадан (допуск) конструкциялық 
элементтің шамасы, жобалық шамасынан үлкейеді немесе конс-
трук циялық элементтер арасындағы жобалық саңылау кішірейеді.
Шектік шамаға байланысты өлшеу дəлдігі де мұқият есепте-
леді. Яғни, 
дəлдік нағыз өлшемдердің негізгі жобалық өлшем-
дерге жақындау дəрежесімен сипатталады
. Нағыз өлшемдердің 
жобалық өлшемдерден алшақтауы (шектік шамадан аспаса), іс 
жүзінде құрылыс-монтаждау өндірісінде құрама араларындағы 
саңылауларды бітеумен, жамаумен, жеткізумен немесе отыр-
ғызумен орнына келтіріледі. Бұлайша орынына келтіру түсінігін 
«
компенсатор»
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет