Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


Негізгі осьтерді қадалау дəлдігі



Pdf көрінісі
бет88/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

 Негізгі осьтерді қадалау дəлдігі
Осьтер арасының
өлшемдері, мм
Дəлдік класы
Шектік шамалар,
мм
Салыстырмалы
қателері
15 000-21 000
1-класс
4
1:10 000
2-класс
7
1:5 700
3-класс
10
1:4000
3.1-кестедегі берілімдерді пайдаланып, басқа да арақашық-
тықтар (осьтер арасының өлшемдері) үшін салыстырмалы қателік 
шамаларын анықтауға болады.
3.1-кестеде (СНиП) құрылыс нысандарында геодезиялық 
өлшемдер қандай класта жəне қандай дəлдікпен атқарылуы ке-
рек екендігінің сипаттамалары берілген. Мысалы, Ауданы 100 
м
2
артық ғимараттар мен құрылымдар үшін өлшемдер 1-класты 
дəлдікпен атқарылады, ал ауданы 10-100 
м
2
дейінгі құрылыстар-
да өлшеу 2-класты дəлдікте жүргізіледі; құрылыс салу ауданы 
10 000 
м
2
төмен құрылыс алаңдарында 3-класты дəлдікпен ат қа-
рылады. Жолдар, жер асты жəне жер үсті топтары үшін, «Құрылыс 
нормалары жəне ережелері» бойынша 1:2000 салыстырмалы 
қателікпен 4-класты дəлдік қарастырылған.
§ 13.3 Қадалау жұмыстарының геодезиялық 
пландық жəне 
биіктік негіздері туралы түсінік
Геодезиялық пландық жəне биіктік негіздері, құрылыс алаң-
дарында ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осьтерін жер 
бетіне түсіру үшін құрылады жəне оларды уақтылы қалпына 
келтіріп, құрылыс барысында тексеріп отырады. Құрылыс жұ-
мыстары қызу жүріп жатқан кезде, тірек торы тікелей құры лыс-
монтаждау жұмыстарын геодезиялық іспен қамтамасыз етуде, 
ғимараттар мен құрылымдардың жылжуын, шөгуін бақылауда


188
бас пландарды құрастыруда жəне де басқа техникалық құжат-
тарды жасауда пайдаланады.
Геодезиялық тірек торларының түрі жергілікті жағдайға, 
жұмыс ретіне жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарының əдіс-
теріне байланысты болады. Мысалы, ойлы-қырлы жерлерде 
триангуляциялық жəне аналитикалық торларды қолданады. Жа-
бық немесе ашық (орман-тоғайлы, жазық) жерлерде полиго но-
метриялық жүріс торларын құрады. Тірек торларының қайсы-
сы болса да, олардың тірек қосындары (пункттері) тиянақты
ыңғайлы жəне құрылыс жүргізілетін уақыт ішінде сақталатын 
жерлерге орнатылады. Сонымен бірге, өндіріс ғимаратының бір 
жақ қабырғасы созылмалы, ұзын болса, құрылыстың сол жағын 
екі тірек қосыны қамтамасыз етуі керек.
Құрылыс алаңдарында қадалау негіздері, көп жағдайда жал-
пы мемлекеттік тірек қосындарына түйіспейді, себебі бұл тірек 
қосындарының бастапқы берілімдері көп қателі болуы мүмкін. 
Сондықтан қадалау торы, бір бастапқы берілім тірек қосынына 
байланысқан, жан-жақты бос тор ретінде құрылады.
Айта кететін жағдай, мемлекеттік торларды құруда олардың 
қабырғаларын өлшеуде Красовский эллипсоидның жазықтығына 
түсіруді редуциялауға, Гаусс проекциясына келтіру түзетулері 
енгізіледі. Мұндай қадалау торына енгізілген түзетулер, жобаны 
жер бетіне түсірген кезде қиылыспаушылықтарға əкеліп соғуы 
мүмкін. Сондықтан қадалау торына ереже ретінде редуциялық 
түзетулер енгізілмейді. Тек қана ойлы-қырлы, таулы аудандар-
да торлардың биіктік шамалары күрт өзгермелі болғандық 
тан, 
құрылыс алаңының орташа деңгейі 
– салыстырмалы биіктік 
қабылданады. Есептеулер негізінде көз жеткізілгендей, абсцис-
са осімен 40 
шқ
(20 
шқ
оңға, 20 
шқ
солға) құрылыс алаңдарында 
түзетулерді ескермесе де болады.
Қадалау торының ең көп тараған түрі – 
құрылыс торы
.
Құрылыс алаңында биіктік негізі ретінде триангуляция, поли-
гонометрия жəне құрылыс торы қосындарының биіктік шамалары 
алынады. Осы қосындар арқылы, ылғи III, IV класты нивелирлеу 
жүргізіледі. Ғимараттар мен құрылымдардың отыруын (шөгуін), 
жылжуын бақылап отыру үшін жеке (арнаулы) нивелирлік негіз 
құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет