Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§13.4 Құрылыс торы туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет89/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

189
§13.4 Құрылыс торы туралы түсінік
Құрылыс алаңында ғимараттың немесе салынатын құрылыс-
тың жобасын жер бетіне түсіру үшін, көбінесе жергілікті тік бұ-
рышты координаталар
жүйесін құрады. Алдағы геодезиялық жұ-
мысты жеңілдету үшін координаталық осьтерді ғимараттар мен 
құрылымдардың негізгі осьтеріне параллель етіп алады. Мұн-
дай талаптарды қанағаттандыратын тор сызықтарының жүйесі 
– геодезиялық 
құрылыс торы
деп аталады. Ол қабырғаларының 
ұзындықтары 100 немесе 200 
м
шаршы немесе тік бұрышты 
төртбұрыштың төбелері тірек пункттері ретінде бекітілген коор-
динаталар жүйесінен тұрады (101-сурет).
Құрылыс торының басқа геодезиялық негіздерден артық шы-
лығы – ғимараттар мен құрылымдарды қадалау дəлдігі барлық 
құрылыс алаңына бірдей; оның үстіне қадалау осьтері қиылысу 
нүктелерінің, ғимарат бұрыштарының жəне жеке нүктелерінің ко-
ординаталарын есептеу жеңіл, қарапайым түрге енеді.
Құрылыс торының тірек нүктелері құрылыс алаңының бас 
планымен байланыстырылады. Ол үшін құрылыс торының жо-
басын бас план сызбасына салып, тірек нүктелерін көп уақытқа 
дейін сақталатындай етіп белгілейді. Оның үстіне бұл нүктелер 
мүмкіндігінше салынбақшы нысанға жақын болғанын қадағалап, 
оларды орнатуда өте ұқыптылықпен дəл анықтау керек.
101-сурет
. Құрылыс торы
Құрылыс торының координаталар басын, теріс мəнді болмай-
тындай етіп алады. Іс жүзінде координаталар басы етіп, құрылыс 
алаңының оңтүстік-батыс бұрышын таңдайды.
Құрылыс торын құрудағы геодезиялық жұмыстарды келесі 
ретпен іске асырады: құрылыс торының жобасын жасау; жер 


190
бетінде алдын ала қадалап, уақытша белгілермен төбелерін 
бекіту; ұзындықтар мен бұрыштық өлшемдерді дəл өлшеу; өл-
шеу нəтижелерін пайдаланып, торды жəне координаталарды 
теңдеу; тор төбелерін (қосындарын) тұрақты белгілермен бекіту, 
қосындардың координаталарын соңғы рет анықтау, бұрыштық 
өлшемдерді тексеру.
Құрылыс торы нүктелерінің бір-біріне қарағандағы пландық 
орналасулары ±2 
см,
ал биіктіктері ±
3 мм
қателіктен аспауы керек.
Құрылыс торын құруда ең көп тараған əдіс, ол – 
полигономет-
рия əдісі
. Қабырғаларының ұзындықтарын светодальномермен 
(жарық жылдамдығын пайдалана отырып, қашықтық өлшеу 
аспабы), бұрыштары дəлдігі жоғары оптикалық теодолиттермен 
өлшенеді. Қазіргі кезде электронды тахеометрлермен құрылыс 
торларын құру іске асуда.
Құрылыс торының шартты координаталық жүйесін келесі 
əріптермен өрнектейді: Абсцисса осін – 
А
, ордината осін – 
В

Мысалы, 
С
нүктесінің координаталры (101-сурет) 
А 
= +2420,00 
м
жəне 
В 
= +4500,00 
м
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет