Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет60/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
118 

 
 
 
ТАБИҒИ-ТЕХНИКАЛЫҚ 
КЕШЕНДЕР 
 
 
5.1 
ТАБИҒИ-ТЕХНИКАЛЫҚ  
КЕШЕНДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
Эволюцияның  даму  кезеңімен  қарасақ,  жақын  арада  ғана 
биологиялық ортада адамзат пайда болған. Адамзат өркениетінің 
өсуі  Жер  планетасында,  адамның  өмір  сүру  қызметіне  ыңғайлы 
табиғи  жүйені  қайта  құрудың  негізінде,  көп  қабатпен  қаныққан 
кеңістікте  мәдени  нысандардан  тұратын,  әлемдік  жаңа  заттық 
жүйенің  пайда  болуына  жағдай  жасады.  Осының  нәтижесінде 
адамның  қолымен  құрылған,  адамның  құралдық  және 
техникалық  өндірістік  қызметінің  әсерінде  болатын  және  ол 
қызметтің  өнімі  болып  табылатын,  әлемдік  кеңістік  секілді, 
биологиялық ортада табиғи-техникалық орта пайда болды.  
Табиғатты  үйлестіру  –  ол  өте  күрделі,  ұзақ  уақыт  бойы 
жүргізілетін  және  оны  іске  асыру  үшін  ауа  райының  әртүрлі 
жағдайында және оның ішінде ауа райы ылғи өзгеріп отыратын, 
қиын  кезеңдерінде  ақаусыз  қызмет  ететін  және  оны  іске  асыру 
үшін  күрделі  инженерлік  құрылым  және  қондырғылар  кешенін 
құруды  талап  ететін,  яғни  қымбатқа  түсетін  ресурстық  және 
үлкен  қуатты  қажет  ететін  шаралар.  Сондықтан  үлкен  ауданды 
қайта үйлестіру барысында күрделі инженерлік жүйені, яғни алға 
қойған  мақсаттарға  жету  үшін  қажетті  құрылымдар, 
қондырғылар, машиналар және құралдар кешенін тұрғызады. 
«Өндірістік  кешен»  туралы  түсініктемені,  аймақтарды 
географиялық  тұрғыда  аудандастыруға  байланысты  мәселелерді 
шешу  үшін  Н.  Н.  Колосков  ұсынған.  Бұл  түсініктеме  көптеген 
ғылыми  жұмыстарда  жалғасын  тапты,  оның  ішінде 
экономикалық-географиялық  жағдайы  бойынша  ғана  емес,  бір-
бірімен  жабдықтау  және  құрастыру  мүмкіншілігі  бойынша 
байланыста  болуын  қамтамасыз  ету  мақсатында,  өндірістік 
жүйелермен  бірге  қарастыратын  өлкелік-өндірістік  кешендер 
құру  В.  А.  Лычагинның  (1964),  А.  Е.  Простаның  (1968),  С.  Л. 


 
119 
Озиранскийдің  (1974),  В.А.  Духовныйдың  (1978)  жұмыстарын 
атап көрсетуге болады. 
Табиғатты  үйлестірудің  инженерлік  жүйесі,  өзінің  мәні 
бойынша 
табиғи-техникалық 
жүйе 
болып 
табылатын 
болғандықтан,  оны  құру  барысында  табиғатты  қайта  үйлестіру 
және пайдаланудың қағидаларын жетекшілікке алу қажет. 
Табиғаты  үйлестірудің  инженерлік  жүйесіне  мыналар 
жатады: 
 

суғармалы  егістік  жерге  қажетті  мелиоративтік  режимді 
қамтамасыз ететін инженерлік мелиоративтік жүйелер; 
 

ластанған  аймақтардың  табиғи  жағдайда  өзін-өзі  тазалау 
қызметін қалпына келтіретін, оларға ластанған заттардың түсуін 
азайтатын  және  жоюды  қамтамасыз  ететін,  ластану  ортасын 
шектейтін инженерлік-экологиялық жүйелер; 
 

табиғатты қорғайтын инженерлік жүйелер; 
 

су тасқынымен, су басумен, жағаларды шаюмен, қарғынмен 
күресуге  арналған,  табиғи  қауіп-қатерге  арналған  инженерлік 
жүйелер; 
 

су  қорын  кешенді  пайдалануға  арналған,  жер  бетіндегі  су 
ағынын реттеуге арналған инженерлік жүйелер; 
 

сумен  қамтамасыз  етуге,  суландыруға  және  суды 
тасымалдауға арналған инженерлік жүйелер. 
 
Сонымен,  қоғамдық  адамзаттың  пайда  болу  кезінен  бастап 
және  оның  үздіксіз  дамуының  нәтижесінде,  табиғат  және 
қоғамның арасындағы әрекеттесудің әсерінен үлкен нысандардың 
жиынтығы пайда болады.  
 
 
Қоғам  мен  табиғаттың  арасындағы  өзара  әсердің  дамуына 
негізделген қағидаларды былай бейнелеуге болады: 
 

табиғи ресурстарды кешенді пайдалану; 
 

экономиканың  әртүрлі  салаларының  жоспарлы  және 
теңгермелі дамуы; 
 

барлық  табиғи  ресурстарды  теңгермелі  және  өнімді 
пайдалану; 
 

табиғи ресурстарды пайдалану барысында, оның сапасының 
нашарлауының алдын алу. 
Инженерлік  жүйенің  негізінде  табиғи-техникалық  кешендер 
құрылады  және  оларды  өзінің  қызмет  ету  мақсаты  бойынша 
мынадай  топтарға  бөледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет