Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет63/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
5.3
 
ТАБИҒИ АЙМАҚТЫҚ КЕШЕНДЕР
 
 
Табиғи  аймақтық  кешен,  яғни  табиғи  геожүйе, 
географиялық  кешен  және  табиғи  ландшафттар  дегеніміз  – 
әртүрлі  деңгейдегі  біртұтас  жүйені  құрайтын,  табиғи 
құрылымдардың кеңістіктегі заңдылықпен орналасқан сыңарлары 
және физикалық географияның негізгі бір түсініктемесі. 
Табиғи  аймақтық  кешен  әлемдік,  аймақтық  және 
жергілікті  болып  үш  топқа  бөлінеді.  Әлемдік  табиғи  аймақтық 
кешендерге географиялық қабақтар жатады, ал аймақтық табиғи 
аймақтық  кешендерге  физикалық-географиялық  облыстар  және 
аймақтық  сыңарлармен  қатар,  физикалық  географиялық 
белдеулер  және  алқаптардан  құралған.  Жергілікті  табиғи 
аймақтық  кешендердің  құрамына  өзен  саласы,  сайлар,  жоталар 
және қыраттар кіреді. 
Табиғи  аймақтық  кешендердің  типологиялық  жіктелуін 
және  физикалық-географиялық  аудандастырумен  салыстырсақ, 
онда  айқын  байқауға  болады,  физикалық-географиялық 
аудандастыру  жүйесінің  дәрежесі  табиғи  аймақтық  кешеннің 
дәрежесі  өскен  сайын  арта  түседі,  ал  тұрпаттамалық  жіктелуі 
кезінде  табиғи  аймақтық  кешеннің  дәрежесі  өскен  сайын,  оның 
өзіндік ерекшелігінің  дәрежесі төмендей түседі. 
Табиғи  аймақтық  кешендер,  белгілі  бір  аймақтардың 
геологиялық негізі және тау жыныстары, жер бедері, климат, су, 
топырақ,  өсімдік  және  айуанаттар  әлемінің,  шағын 
организмдердің  ұзақ  уақыт  бойы  бір-бірімен  өзара  әсер  етуінің 
нәтижесінде пайда болады.  
Табиғи  аймақтық  кешендердің  ішкі  сыңарлары  бір-біріне 
өте ұқсас болып келеді және олардың дамуының негізгі себепші 
шарттары  болып  күн сәулесінің  радиациясы,  Жердің ішкі  қуаты 
және  қуаттың  айналымымен  қатар,  атмосферада,  гидросферада 


 
129 
және  биосфера  болатын  үдерістерге  байланысты.  Бұл 
энергетикалық  себептік  шарттары  физикалық  географиялық 
жылу  және  ылғал,  минералдық  және  органикалық  зат  алмасу 
арқылы кешеннің дамуына әсерін тигізеді (25-сурет). 
Сонымен  табиғи-аймақтық  кешендер  (ТАК)  туралы 
мынандай түсініктемелер беруге болады: 
 

жер  бетінен  географиялық  қабаттар  аралығында,  сатылы 
баспалдақпен 
орналасқан 
географиялық 
құрылымдарды 
құрайтын, табиғи бөлшектердің жиынтық құрамы; 
 

ландшафттық  ортадан  биологиялық  денелерге  дейінгі,  тірі 
және  өлі  денелерді  немесе  тек  қана  өлі  бөлшектерден  тұратын 
барлық табиғи нысандардың жалпы дәрежесіз түсініктемесі; 
 

аймақтың  әртүрлі  болып  келетін,  бірақ  табиғаттың  негізгі 
түріне  ұқсас,  өте  төменгі  сатылық  деңгейге  жақын  жер 
құрылымындағы кешендерді біріктіретін жалпылама түсініктеме.
 
Табиғи  аймақтық  кешендердің  бір  ғана  сыңарларының 
бұзылуы  немесе  өзгеріске  түсуі  алғашқы  кезеңде-ақ  көрінбейтін 
байланыс  арқылы  оның  барлық  сыңарларына  әсерін  тигізеді. 
Оның  нәтижесінде  кешеннің  түрі  өзгеруі  мүмкін  немесе  өзінің 
орнын жоғалтып, жаңа табиғи аймақтық кешеннің қалыптасуына 
орын береді. 
Жер  бетінің  қалыптасу  кезеңінде  бір  аймақтың  өзінде 
жаңа табиғи аймақтық кешендер пайда болып және бірнеше рет 
өзгеріске түсіп отырған.  
Егер  тарихқа  жүгінсек,  құрлық  пен  мұхит  бірнеше  рет 
ауысып,  геологиялық  құрылымы  және  климаттық  жағдайы 
өзгеріске  түсіп  отырған  және  оның  әсерінен  басқа  өсімдіктер 
және айуанаттар жүйесі пайда болған. 
Табиғи  аймақтық  кешендердің  сыңарларының  өзгеріске 
түсуіне  табиғаттың  құбылыстармен  қатар  адамзат  қызметінің 
тигізетін әсері зор, себебі бұл қызметтің нәтижесі бойынша қысқа 
уақыттың  ішінде  күрделі  өзгерістерді  жүргізуге  және  енгізуге 
болады.  Адамзат  өзінің  қажеттілігін  өтеу  үшін  табиғи  жүйеге 
өзгеріс енгізуге тырысады, бірақ та табиғи үдерістерді өзгертуге 
арналып,  ойланбастан  жүргізілген  іс-әрекет  ыңғайсыз  жағдайға 
алып келеді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет