Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет72/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
 
 
5.8 ТАБИҒИ-ӨНДІРІСТІК СУҒАРУ КЕШЕНДЕРІ 
 
Суғармалы  егістік  жүйесіне  негізделген  аймақтық 
кешендерді  В.А.  Духовный  табиғи-өндірістік  суғару  кешені 
(ТӨСК)  деп  атады  және  оны  жоғары  өнімді  суғармалы  егістік 
жүйесін  және  онымен  өндірістік  бағыты  бір  құрылымдарды 
дамыту үшін табиғи қорларды оңтайлы басқаруға арналған және 
арнайы құрылған өндірістік қор ретінде қарастыруды ұсынды. 
Табиғи  өндірістік  суғару  кешенін  мұндай  дәрежеде 
қарастыру аграрлық өндірістік кешеннің (АӨК) төңірегімен ғана 
шектеліп  қоймайды,  ол  көптеген  өндірістік  және  табиғи 
байланыстарды қамтитын, ішкі және сыртқы жағдайдың өзгеруін 
ескеретін  аймақтық  өндірістік  кешеннің  шекарасын  қамтиды 
және  ол  табиғи  өндірістік  кешеннің  ерекше  бір  түрі  болып 
табылады.  
Табиғи-өндірістік  суғару  кешенінің  (ТӨСК)  ерекшелігі  – 
кешеннің аймағын қамтитын бөліктің және геологиялық жүйедегі 
сумен  қоректену  желісінің  біртұтастығы,  суғармалы  егістік 
жүйесін  қарқынды  дамытуға  өндірістік  шеңбер  деңгейіндегі 
көзқараста  ғана  қарап  қоймай,  өзгеріп  отыратын  табиғи  қорды 
қамтитын 
технологиялық 
байланыстың 
бірге 
қарастыратындығында  және  табиғи  қорларды  жоғары  қарқында 
кешенді  пайдаланып  отырған  кездегі  суды  пайдаланудағы 
жоғары  тиімділікті  және  табиғи  жағдайдың  өзгеру  бағытын 
әуелеттік өнімділікті қамтамасыз ету. Сонымен, табиғи-өндірістік 
суғару  кешені  (ТӨСК)  жоспарын  құру  кезде  оның  құрамына, 
өндірістік және әлеуметтік бағдарламалардан басқа экологиялық 


 
152 
бағдарламалардың  кіретінін  ескере  отырып,  жоспарлауды 
ұйымдастырудың біртұтастығын қарастыру керек. 
Табиғи-өндірістік  суғару  кешені  (ТӨСК)  ерекше  бір 
дәлелдемесі  болып  табиғи  қорлардың  оның  жүйесін  құрудағы 
орнын  айтуға  болады.  Қарапайым  табиғи  өндірістік  кешендерде 
олардың  пайдалану  қорының  сапасы  әртүрлі  деңгейде 
қатысатындығына  қарамастан,  жерге  және  де  басқа  табиғи 
қорларға  белсенді  түрде  әсер  ете  алмайды  және  басқаруға 
келмейді,  белгілі  бір  бейтарап  дәрежеде  сақталады.  Табиғи 
өндірістік  кешендердің  табиғи  жағдайға  әсерін  бағалау,  табиғи 
орта  технологиялық  төкпелердің  (ауаның,  жер  бетінің  және  жер 
асты  суларының  ластануынан),  техногендік  әсерлердің 
күшеюінің,  қайта  орнына  келмейтін  табиғи  қорларды 
пайдаланудың 
әсерінен, 
экологиялық 
қалыңдықтың 
жоғарылауына  байланысты  болатын  экологиялық  тепе-теңдіктің 
бұзылу дәрежесін бағалаумен шектеледі. 
Табиғи-өндірістік  суғару  кешені  (ТӨСК)  барлық  уақытта 
тұрақты  түрде  жаңғыратын  қорлармен  (су,  топырақтың 
құнарлығы)  әрекеттіктесте  болады  және  кейбір  табиғи 
жағдайларға, яғни климат және өсімдік жүйесіне ыңғайлы әсерін 
тигізеді  (35-сурет)  және  оның  құрамын  төрт  шеңберде  қарауға 
болады. 
Кешеннің  I,  II  және  IV  шеңберіндегі  тіркес  әртүрлі 
одақтардың  көлемінің  заттық  теңгермемен  берілуі,  тек  қана 
табиғи  өндірістік  суғару  кешені  (ТӨСК)  мағынасын  және 
құрамын  анықтап  қана  қоймай,  оның  қалыптасу  кезеңін 
көрсетеді.  
Басқа жағынан қарағанда, табиғи өндірістік суғару кешенінің 
(ТӨСК) құрамының қалыптасу кезеңі одақтардың құрылымының 
құрамының  және  көлемінің  өзгеруін  көрсететін  экологиялық 
шеңберге байланысты. 
Табиғи  су  қорын  пайдалану  суғармалы  егістік  жүйесін 
дамытуға  мүмкіншілік  береді  және  ол  өндірістік  шеңбердің 
негізгі одағы болып табылады, яғни ол өзгеріп отыратын жаңадан 
игерілген  жердің  ауданы  және  өнімділігі  арқылы,  кешеннің 
негізгі анықтамасымен өте тығыз және белсенді байланыста. 
  


 
153 
 
 
35-
сурет. Табиғи өндірістік суғару кешені (ТӨСК) құрамының байланыс желісі  
 
Бұл  анықтамалардың  уақыт  аралығындағы  өзгерісте  болуы 
және  оның  негізгі  өндіріс  одағындағы  байланысы  табиғи 
өндірістік суғару кешенінің (ТӨСК) табиғи құрылымдарын және 
оның  өзгеру  дәрежесін  есепке  ала  отырып,  экологиялық 
шеңберде  қарастырған  жөн.  Табиғи-өндірістік  суғару  кешенінің 
(ТӨСК)  табиғи  жағдаймен  әрекеттестікте  болу  жағдайындағы 
«тәртіп  сызығын»  қараған  кезде,  оның  көп  уақыт  жұмыс 


 
154 
атқаратын  және  жаңа  табиғи  техникалық  қарым-қатынастың 
тұрақты дәрежесін анықтау көзқарасында қарастыруымыз қажет. 
Табиғи-өндірістік суғару кешені (ТӨСК) негізгі қоры болып 
табылатын  су  аймақтың  экономикасына  ғана  әсерін  тигізіп 
қоймай,  ондағы  болатын  негізгі  өзгерістерді  анықтайды,  яғни 
басқа  табиғи  қорларға  белсенді  түрде  әсерін  тигізе  отырып, 
олардың  сипатамасына  өзгеріс  енгізеді  және  оларға  әсер  ету 
арқылы  өзі  де  өзгеріске  түседі.  Сондықтан  табиғи-өндірістік 
суғару  кешені  (ТӨСК)  қолжеткізетін  жетістік  немесе  сәтсіздік 
туындайтын табиғи жағдайдың өзгеру бағытына байланысты.  
Осыған  байланысты  табиғи-өндірістік  суғару  кешенінің 
(ТӨСК)  құрамы  сушаруашылық  кешенінің  (СШК)  өлкелік 
төменгі  сатысы  ретінде  қарастырылады  және  олар  мынандай 
табиғат  қорлары  туралы  мәліметтерден  тұрады:  су, 
суғарылмайтын  жерлер,  климаттық  жағдай,  қаржыландыру, 
заттар, тыңайтқыш, техникалар, еңбек қорлары, яғни осылардың 
жиынтығынан  табиғи және өндірістік бөлімнен тұратын табиғи-
өндірістік суғару кешені (ТӨСК) пайда болады (36-сурет).  
Бірақ  кешеннің  табиғи  бөлімі  жаратылыс  жағдайынан  емес, 
инженерлік құрылымдар, шаралар және су арқылы өзгерген және 
түрленген жағдайдан құралады.     
Басқа жағынан қарағанда, табиғи-өндірістік суғару кешеннің 
(ТӨСК)  құрамы  белгілі бір  өндірістік қызметтен  құралады  және 
оның  құрамына,  ауылшаруашылық  дақылдарынан  өнім  алуды 
қамтамасыз 
ететін, 
суғармалы 
егістік 
жерлердегі 
ауылшаруашылық  өндірісі  және  ауыспалы  егістік  құрамына 
малазықтық  дақылдарды  кіргізу  арқылы  жоғары  өнімді  мал 
шаруашылығы кіреді. 
Табиғи-өндірістік  суғару  кешенінің  (ТӨСК)  негізгі 
ауылшаруашылық  бөлімінің  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін 
қосымша  қызмет  саласын,  яғни  жөндеу,  пайдалану,  қамтамасыз 
ету жүйесін және көліктік кәсіпорындарды құру қажет. 
Табиғи-өндірістік  суғару  кешенінің  (ТӨСК)  салалық 
кешендермен  байланысын  екіжақты  қарауға  болады.  Бір 
жағынан,  табиғи  өндірістік  суғару  кешендерінің  (ТӨСК)  дамуы 
минералдық  тыңайтқыш  және  химиялық  заттарға,  ауыл 
шаруашылығына  арналған  техникаларға,  тамақ  өнеркәсібіне, 
энергетикалық  қуатқа,  темір  және  автомобильдік  жолдарға 
қосымша 
сұраныс  тудыратын 
болғандықтан, 
бұларды 


 
155 
сұраныстың  шектеу  сапасы  ретінде  қарастыруға  болады. 
Сондықтан  табиғи-өндірістік  суғару  кешенінің  (ТӨСК)  басқа  
салаларымен  мақсатының  қиылысуы  отын-энергиялық,  машина 
жасау  және  тасымалдау  саласының  аймақтық  дамуын  қажет 
етеді. 
 
 
 
36-
сурет. Табиғи өндірістік суғару кешені (ТӨСК) құрылымдық бөлігі 
       
Басқа  жағынан  қарасақ,  табиғи  өндірістік  суғару  кешендері 
(ТӨСК)  немесе  өзінің  қызметін  толық  тұрақтандырғанда,  басқа 
саланың  құрамдас  бөлігі  (36-сурет, 2, 3  және  10  бөлім)  болып 
табылады 


 
156 
Табиғи  өндірістік  суғару  кешенін  (ТӨСК)  кез  келген 
кезеңдегі қалыптасуын функция түрінде көрсетуге болады:
  
∑∑
=
=
=


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет