Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет75/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
 
37-
сурет. Қызметтік-техногендік-табиғи жүйенің байланыс желісі 
 
Суғармалы 
егістік 
жүйелердегі 
ауылшаруашылық 
дақылдарынан өнім өндіру, қызметтік-техногендік-табиғи жүйеге 
ұқсас жүйе, себебі олардың құрамына кіретін сыңарлардың өзі де 
бірдей,  яғни  бірдей  сыңарлық  құрамнан  тұрады  және  оның 
құрамына адам, инженерлік жүйе, орта, заттық қорлар және оны 
басқаруды қамтамасыз ететін белгілі бір көлемде ақпарат, нұсқа 
және үдерістің қарқынын бағалайтын уақыт кіреді. 
 
 
5.10 СУШАРУАШЫЛЫҚ-МЕЛИОРАТИВТІК КЕШЕНДЕРІ
 
 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешен  (СМК)  –  табиғи 
сыңарлардың қызмет ету үдерістерінде техникалық сыңарлардың 
тұрақты түрде әсерін сезінетін, көпқызметтік табиғи-техникалық 
жүйе. Бұндай әсердің нәтижесінде туындайтын техникалық және 
технологиялық  сипаттама  әлеуметтік-экономикалық  және 
экологиялық  мәселеге  айналады.  Сондықтан  сушаруашылық-
мелиоративтік  кешеннің  және  аймақтың  экологиялық  мәселесін 
тиімді  шешу  үшін  оның  техникалық  және  технологиялық 
көрсеткіштерін оңтайландыру қажет. 


 
160 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешен,  жүйе  ретінде  (38-
сурет)  екі  негізгі  ішкі  жүйеден  құралады:  сушаруашылық  ішкі 
жүйесі  –  сушаруашылық  кешенінің  (СШК)  ішкі  жүйесі  және 
гидромелиоративтік ішкі жүйесі – гидромелиоративтік кешеннің 
(ГМК) ішкі жүйесі. 
 
 
 
38-
сурет. Сушаруашылық-мелиоративтік кешенінің негізгі құрылымдарының желісі 
       
Сушаруашылық  кешені  –  ол  аймақтың  су  қорына  деген 
сұранысын  қамтамасыз  ететін,  техникалық  және  табиғи 
сыңарластардың жиынтығы. Сушаруашылық кешенінің аймақтық 
құрамына мыналар кіреді: табиғи су нысандары, қолдан құрылған 
су  нысандары,  сумен  қанағаттандыруға  қажетті  техникалық 
кешендер, суды тастауға арналған техникалық кешендер. 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешеннің  су  қорларын 
басқару  және  реттеудің  негізгі  мақсаты  –  атқаратын  қызметінің 
көрсеткіштерін  оңтайлау  арқылы,  қажетті  сапалы  су  көлемін 
белгіленген  уақытта  белгіленген  түйінге  аз  шығынмен  жетізіп 
беру және алқаптың экологиялық
 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
Сушаруашылық-мелиоративтік 
кешендердің 
мақсатты 
атқаратын  қызметін  орындауы,  экономикалық  және  әлеуметтік 
жағдайларды,  жеке  аймақтардағы  экологиялық  шектеуді  ескере 
отырып,  ұйымдастыру,  үйымдастыру-техникалық  және  нақты-
техникалық  шараларды  кешенді  түрде  жүргізу  арқылы  су 


 
161 
пайдалану  мәселесін  жоғары  тиімділікпен  және  өз  уақытында 
шешуге негізделуге тиісті (39-сурет). 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешендердегі  басқару  үлгісі 
табиғи-техникалық  жүйені  интеграциялық  басқарудың  жалпы 
қағидасын  сақтайтын  және  ғылыми  тұрғыда  жоғары  тиімді 
бейімделген  технологияларды  өндіріске  енгізуге  негізделген 
мақсатты  басқару  жүйесін  көрсетеді  және  үш  жүйеден,  яғни 
табиғи, техникалық және әкімшілік жүйеден тұрады (40-сурет). 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешендердің  аймақтарда 
тиімді  жұмыс  атқаруына  тек  қана  аймақтың  ерекшелігін  нақты 
бағалаудың  және  мақсатты  басқаруды  жетілдірудің  арқасында 
қолжеткізуге болады (41-сурет). 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешендердің  қызмет  етуі 
кезіндегі  негізгі  бір  мәселе  табиғи  су  қоры  мен  халықтың 
арасындағы  туындайтын  қатынас.  Кез  келген  деңгейдегі  табиғи 
су  қоры  жер  бетіндегі  су  және  жер  асты  суларынан  құралады. 
Табиғи  су  нысандарынан  басқа  қолдан  тұрғызылған  су 
нысандары  және  оның  құрамына  кіретін  сушаруашылық-
мелиоративтік кешендер бар
.
 
 
 
 
39-
сурет. Сушаруашылық-мелиоративтік кешендердегі табиғи-техникалық 
жүйелердің құрылымдық жүйесі (А – сушаруашылық және мелиоративтік кешеннің 
әрекеттестіктер аймағы; Б – табиғи сыңарлар мен техникалық сыңарлардың әсер ету 
аймағы; В – сушаруашылық және мелиоративтік кешендердің табиғи 
сыңарластармен бір-біріне әсер ету аймағы) 
 


 
162 
Халықтың  және  өндіріс  саласын  сумен  қамтамасыз  етуге 
арналып адамның қолымен тұрғызылған су нысандар мен табиғи 
экологиялық  жүйенің  сыңарларының  арасындағы  ыңғайлы 
қарым-қатынасты 
сақтау 
сушаруашылық-мелиоративтік 
кешендердің негізгі міндеті болып табылады. 
Сушаруашылық-мелиоративтік  кешендердің  өзінше  бір 
ерекшелігі – белгілі бір аймақтағы халықты және өндіріс саласын 
сумен  қамтамасыз  ететін  сушаруашылық  кешенімен  бірге, 
суғармалы  егістік  жерлерді  сумен  қамтамасыз  ететін 
мелиоративтік кешендердің бірге қызмет атқаруында. 
 
 
40-
сурет. Сушаруашылық-мелиоративтік кешені құрылымдық және басқару 
жүйесімен байланыс желісі 
 


 
163 
 
 
41-
сурет. Сушаруашылық-мелиоративтік кешендерді мақсатты  
басқаруды іске асырудың қағидалық желісі 
 
Сондықтан  сушаруашылық  және  мелиоративтік  ішкі 
жүйелері  сушаруашылық-мелиоративтік  кешендермен  тұрақты 
түрде  әрекеттестікте  болады  және  белгілі  бір  аймақтағы 
шаруашылық қызметінің бір бөлігі деп қарастыру қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет