Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


  ГЕОЖҮЙЕГЕ ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕР ЕТУ



Pdf көрінісі
бет78/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

5.12 
ГЕОЖҮЙЕГЕ ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕР ЕТУ 
 
Адамзат табиғатпен әрекеттесуінің жүргісінде тұрақты түрде 
өмір  сүруге  қажетті,  адамның  қуат  жинауының  жалғыз  көзі 
болатын,  тамақ  өнімін  өндіруге  қажетті  алғашқы  мәселелерін 
шешіп отырды. К. Маркс және Ф. Энгельс адам және табиғаттың 
арасындағы  қарым-қатынасты  анықтайтын  «Тамақ  өнімдерін 
өндіру,  тікелей  өнім  шығарушылардың  және  барлық  өндіріс 
саласының,  өмір  сүруді  қамтамасыз  етуге  қажетті  алғашқы 
жағдайы....» деп есептеді. 
Табиғи  жүйеге,  геожүйеге  және  ландшафттарға  құрылған 
мәдени  құрылымдардың  барлық  деңгейі  немесе  оған  өзгеріс 
енгізуге  арналған  жаңа  бөлшектердің  қызмет  етуі  табиғи 
заңдылықтарға бағынуға тиісті. Жаңа техникалық немесе табиғи-
техникалық нысандар ландшафттың немесе геожүйенің құрамына 
кіреді  және  табиғи  жүйенің  құрамында  қалады.  Былайша 
қарағанда ландшафттың немесе геожүйенің құрамына бір немесе 
бірнеше  бөлшектердің  енгенінің  мағынасы  жоқ.  Оның 
маңыздысы жаңа енгізілген бөлшектер табиғатпен бірге «жұмыс» 
атқарады 
және 
оның 
әрекеттесуін 
зерттеу 
арқылы, 
ландшафттарға келтіретін ыңғайсыз өзгерістерін азайтуға тырысу 
керек.  
Азық-түлік  өнімін  алу  үшін  құрылған,  ауылшаруашылық 
экологиялық  жүйенің  дамуына  байланысты,  Жер  бетіндегі  қуат 
және  заттың  қайта  таралуының  арқасында,  табиғатқа  әсердің 
шамасы  тұрақты  түрде  өсіп  отырады.  Өйткені  агроэкожүйенің 
алғашқы қалыптасу жүргісі техникалық немесе техникалық қайта 
жабдықталған  экологиялық  жүйеден  айырмашылығы  ол  табиғи 
экологиялық жүйеден өсіп шығады. Шартты түрде айтқанда, жер 
бетінің  топырағын  қопсыту  және  болашақта  алынатын  өнімнің 
тұқымын  себу,  ал  оның  алдында  табиғи  өсімдік  жүйесін  алдын 
ала жою. Дәл осындай табиғи экологиялық жүйені өте қарапайым 
өзгертудің  есебінде  нақты  заттың  айналымы  біраз  өзгереді. 
Сонымен,  адамның  табиғи  жүйеге  әсерін  табиғи  жүріс  ретінде 
қарастыруға  болады,  ал  адам  бұл  жағдайда  сыртқы  ортаның 
дәлелдемелері  ретінде  қатысады.  Бұл  жағдайда,  мынаны  естен 
шығармау  керек,  ландшафттарға  адамның  көмегімен  ендірілетін 
жаңа бөлшек, ландшафттардың құрамынан шықпайды және одан 
туындамағандықтан, 
нақты 
ландшафттардың 
қасиетіне 


 
172 
жатпайтын,  оған  жат  бөлшек  болып  көрінеді.  Сондықтан 
ландшафттар, қатаң түрде табиғи жүйедегі физикалық
-
химиялық 
және  биологиялық  құбылыстардың  реттілігін  сипаттайтын,  яғни 
табиғи  заңдылықтарға  негізінделген  өзін-өзі  ұйымдастыру 
қабілеті арқылы, сыртқы және ішкі шектеумен шарттасқан және 
біртектес, біртұтас физиологиялық денеге айналудан аулақтануға 
немесе оны бойына сіңіру арқылы түрленуге ұмтылады. Осыған 
байланысты  ландшафттарға  енгізілген  табиғи-техникалық 
бөлшектер  орнықты  болмайды  және
 
олар  адамның  көмегінсіз 
өздерінше өмір сүре алмайды. 
Сенімді  түрде  айтуға  болады,  мұндай  әсердің  арқасында, 
табиғи  жүйеде  техникалық  өзгеріс  жүрістері  дамиды  және 
қалыптасады.  Техникалық  өзгеріс 
– 
ол  адамның  өндірістік 
қызметінің  әсерінен  табиғи  кешендердің  өзгеру  жүргісі.  Ол 
адамның  қоршаған  ортадан  алуға  пайдаланған  техникалық  және 
технологиялық  қызметіне  байланысты  бірқатар  химиялық 
элементерді  топтастыратын  және  шоғырландыратын,  олардың 
минералдық  және  органикалық  байланысының  арқасындағы 
геохимиялық 
жүрістердің 
жиынтығының 
нәтижесіндегі 
биологиялық ортада болатын түрлендірулер. 
Табиғи  жүйенің  экологиялық  теңгермелік  жағдайы  – 
органикалық  жүйенің  жеке  топтарының,  оған  адамды 
қосқандағы, бір-бірімен әрекеттесуі және қоршаған биологиялық 
ортадағы  кіші  биологиялық  және  үлкен  геологиялық 
айналымдардың  және  белгілі  шектелген  геологиялық  табиғи 
жүйенің  бетіндегі  «мөлшерленген»  шамасымен  байланысты, 
адамның  қызметі  арқылы  барлық  геологиялық  ортада,  қоса 
айтқанда биологиялық ортадағы, табиғи жүрістердің бұзылмаған 
жағдайындағы қуат ағынының табиғи теңгермелік жағдайы. 
   
Табиғи  айналым  –  ол  Жер  денесінің  кеңістіктегі  біркелкі 
еместігіне  және  жер  шарының  геологиялық  құрамының 
ерекшеліктеріне  байланысты,  адамның  табиғи
-
техникалық 
қызметінің  нәтижесінің  әсерінен,  геологиялық  ортаның 
шекарасындағы  жер  бетіндегі  заттардың  құрамының  және  қуат 
ағынының,  өзінің  табиғи  жағдайдағы  белгілі  өлшемдерінің 
шамасынан  өзгеруін  сипаттайды.  Әлемдік  деңгейде  табиғи 
ортаның жағдайының мынандай өлшемдерін ерекше атап айтуға 
болады: энергетикалық, су, биологиялық және биохимиялық. 


 
173 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет