Ойынның аты: «Тез тап» Мақсаты: Тілдерді салыстыру және салғастыру
арқылы тіл семьяларын яғни, Тілдердің генеалогиялық
классификациясын еске түсіріп, қайталау.
Ойынның шарты: Студенттерге ұяшықтар көрсетіледі.
Әрбір студент екі ұяшықтан таңдайды. Ол ұяшықтардың ішінде
қандай-да бір тіл жазылған. Біріншіден студент ол тілдердің қай
семьға жататынын анықтайды, содан кейін оларды салыстырады
не салғастырады.
Ойынның аты: «Мега ойын» Мақсаты: Тілдердің құрылымы мен жүйесі арқылы
тіл типтерін анықтау яғни, Тілдердің типологиялық
классификациясын еске түсіріп, қайталау, шыңдау.
Ойынның шарты: «Мега ойын» екі сатыдан тұрады.
1. Сиқырлы қорап . Бұл ойынның шарты бойынша студенттерге
4 қорап (конверт) беріледі. Ал үстелдің үстінде дүние
жүзінің тілдері жазылған карточкалар жатыр.Қорапшаға сол
тілдерді типологиялық классификацияға сай орналастыру.