Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет62/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА

ЦИТОГЕНЕТИКАЛЫ Қ ӘДІС
Цитогенетикалық эдіс деп қалыпты және өзгеріске ұшыраған 
жағдайдағы адамның кариотипіне цитологиялық анализ жасауды 
айтады. Бірақ бұл эдіс нәтижелі болу үшін цитологиялық анализ 
генеалогиялық 
анализбен 
ұштасуы 
керек. 
Мүндай 
жолмен 
жүргізілетін зерттеулер эрине күрделірек, бұл тек соңғы кездерде 
ғана қолданыла бастады.
1956 жылы Дж.Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның 
сомалық (дене) клеткаларында 22 жұп аутосома жэне бір жүп 
жыныстық хромосомалар болатындығын анықтады. Ер адамдарда 
жыныстық хромосома гетероморфты 
(Х,У), ал әйел адамдарда 
жыныстық 
хромосомалардың 
екі 
сыңары 
да 
бірдей 
(XX). 
Цитогенетикалық эдіс қолдану адамның сомалық жэне жыныс 
клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерісті байқауға 
мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына 
себепкер болады. Сондықтан цитогенетикалық эдіс медицинада 
диагностикалық мақсатта қолданылады.
ЕГІЗДІК ӘДІС
Егіздер деп жалқы үрпақ туатын жануарларда жэне адамда 
кездесетін бір мезгілде туған дарақтарды айтады. Егіздердің бір
172


жұмыртқа клеткасынан дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда бір 
сперматозоидпен бір жұмыртқа клеткасы ұрықтанып, одан екі зигота 
дамиды. Мұндай егіздер бір-бірінен айнымайтын ұқсас болады.
Әртүрлі жұмырта клеткаларының эртүрлі сперматозоидтармен 
бір мезгілде үрықтануынан дамыған егіздер бір - біріне онша 
үқсамауы да мүмкін. Себебі эртүрлі жұмыртқа клеткалары мен 
сперматозоидтағы гендер комбинациясы түрліше болып келеді.
Егіздік әдісті генетикалық зерттеулерде қолдану үшін, егіздіктің 
типін 
дэл анықтау керек. 
Адамнан туатын 
егіздер, 
жалпы 
биологиялық проблемамен атап айтқанда, белгілердің дамуы үшін 
тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде аса 
маңызды да ыңғайлы материал.
Бір жұмыртқадан дамыған егіздердің генотипі бірыңғай, ал эр 
жүмыртқадан дамыған егіздердікі түрліше болады. Бір жүмыртқадан 
дамыған егіздерді түрлі орта жағдайларында өсіру жолымен оларға 
сыртқы ортаның тигізетін әсерін анықтауға болады.
Адам үшін тек физикалық факторлар емес, сонымен бірге 
әлеуметтік жағдайлар да сыртқы орта болып есептеледі. Әр адамның 
өз ерекшелігі бар, ол бір іске екіншісіне қарағанда көбірек бейім 
болуы мүмкін. Генетикалық жағынан адам эр нәрсеге бейім болып 
келеді. Бірақ оның бэрі бірдей толық іске аса бермейді.
Біздің мектептеріміз бен басқа да оқу орындарымыз оқыту - 
тәрбиелеу барысында адамның қабілетін ерте танып біліп, оны 
дамытуы керек.
Адамзаттың 
прогреске 
жетуі 
бір 
жағынан 
осыған 
да 
байланысты. Мысалы, бұрын езгіде болып келген халықтардың
173


арасынан көптеген талантты адамдар шықты. Соған байланысты олар 
өндірісте, ғылымда және өнерде дүние жүзілік деңгейге көтерілді. 
Егіздік эдіс, сонымен бірге, адамның кейбір түқым қуалайтын 
ауруларға (шизофрения, диабет, гемофилия, эпилепсия, рахит, т.б.) 
бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет