таралу жиілігін зерттеудің адамда
болатын тұқым қуалайтын
аурулардың таралуына анализ жасау үшін маңызы зор.
Әртүрлі
популяцияда
түқым
қуалайтын
генетикалық
өзгерістердің таралуы түрліше мөлшерде болады. Мысалы, Мариан
жэне
Гуам
аралдарындағы
жергілікті
тұрғындардың
жүлын
клеткаларының склерозы ауруынан
қаза болуы басқа елдермен
салыстырғанда жүз есе көп. Сол сияқты оңтүстік Панамадағы Кариба
куна тайпасының көпшілігі альбиностар. Ал
Швейцарияда Роне
өзенінің жағалауында орналасқан бір селоның 2200 түрғынының
ішінде 50 адам мылқау, 200 адам саңырау болып шыққан. Мүндай
жағдай миграцияның (қоныс аударудың)
болмауына байланысты
жекелеген
отбасылар мен туыстардың
кең таралып,
көбейе
алмайтыны себепті кейбір тұқым қуалайтын ауруларды алып жүретін
ген мөлшерінің артып кетуінен болады.
Сөйтіп, қорыта келгенде қазір
адам генетикасын зерттеуде
жоғарыда көрсетілгендей әртүрлі эдістер қолданылуда. Соған
байланысты
адамның генетикалық түрғыда
толық зерттелген
объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: