Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет63/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96
ОНТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС
Бұл 
эдіспен 
адамның 
фенотипіне 
қарап, 
организм 
гетерозиготалы жағдайда болғанның өзінде, рецессивті аллельдердің 
жэне хромасомдық өзгерістердің бар екендігін анықтауға болады. 
Кейбір түқым қуалайтын аурулар тек сол ауруды алып жүретін 
аллельді гендері бар гомозиготалы особьтарда ғана емес, аз да болса 
гетерозиготалардан да байқалады. Сондықтан қазір онтогенез кезінде 
түрлі тұқым қуалайтын ауруларды алып жүретін гетерозиготалық 
гендерді анықтау әдістері қарастырылуда.
Сонымен адам генетикасын зерттеудегі онтогенетикалық эдістің 
маңызы зор. Ол онтогенез барысында белгілі бір ауруды алып 
жүретін рецессивті гендерді анықтау арқылы болашақ ұрпақты ауыр 
зардаптан алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді.
ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ӘДІС
Популяциялық әдіс жекелеген гендердің немесе хромосомдық 
өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттейді. Гендердің
174


таралу жиілігін зерттеудің адамда болатын тұқым қуалайтын 
аурулардың таралуына анализ жасау үшін маңызы зор.
Әртүрлі 
популяцияда 
түқым 
қуалайтын 
генетикалық 
өзгерістердің таралуы түрліше мөлшерде болады. Мысалы, Мариан 
жэне 
Гуам 
аралдарындағы 
жергілікті 
тұрғындардың 
жүлын 
клеткаларының склерозы ауруынан қаза болуы басқа елдермен 
салыстырғанда жүз есе көп. Сол сияқты оңтүстік Панамадағы Кариба 
куна тайпасының көпшілігі альбиностар. Ал Швейцарияда Роне 
өзенінің жағалауында орналасқан бір селоның 2200 түрғынының 
ішінде 50 адам мылқау, 200 адам саңырау болып шыққан. Мүндай 
жағдай миграцияның (қоныс аударудың) болмауына байланысты 
жекелеген 
отбасылар мен туыстардың 
кең таралып, 
көбейе 
алмайтыны себепті кейбір тұқым қуалайтын ауруларды алып жүретін 
ген мөлшерінің артып кетуінен болады.
Сөйтіп, қорыта келгенде қазір адам генетикасын зерттеуде 
жоғарыда көрсетілгендей әртүрлі эдістер қолданылуда. Соған 
байланысты 
адамның генетикалық түрғыда толық зерттелген 
объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет