Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына



бет131/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына, яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға алынғандай

күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.

  • педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.

Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет