Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тəрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс əрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа жəне өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге əр тұлғаның мəртебесін көтеруге жол ашады.
Педагогикалық əдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған əрқандай тəрбиеленушілер бірлестігі – ұжым деп аталады:
ортақ əлеуметтік мəнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да , қылмыскерлердің де. Əңгіме, ол мақсаттың мағынасында , неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты əлеуметтік мақсаттармен ұштасады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды.
іс-əрекет – ортақ мақсатты іске асыруға бағытталады.: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-əрекет нəтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |